О внесении дополнений в постановление районного акимата от 19 апреля 2007 года № 143/4 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан, из районного бюджета» (НГР 12-6-40 от 02 мая 2007 года) Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» № 143/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы (МТН 12-6-40 2 мамыр 2007 жыл)
Қазақстан Рсепубликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес және ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» № 143/4 қаулысына, келесі толықтырулар енгізілсін:
аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқаудың;
2-тармағы келесі мазмұндағы 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«15) аймақтын дамуына үлес қосқан құрметті соғыс және еңбек ардагерлері, оларға теңестірілген тұлғалар»;
«16) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды Қазақстан Республикасы шегінде тексерілу мен емделуге жетектеп апарушы азаматтар»;
4-тармағы келесі мазмұндағы 15), 16) тармақшалармен толықтырылсың;
«15) 2-тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-Павлодар облысының 70 жылдығын мерекелеу қарсаңында Астана қаласына экскурсияны ұйымдастырған заңды тұлғаның келісім-шартына сәйкес деректі құны бойынша төлеу»;
«16) 2-тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-растайтын құжаттар негізінде жолдың нақты шығыны бойынша»;
5-тармағы келесі мазмұндағы 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын;
«15) 2-тармақтын 15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-өтініш, мәртебесін растайтын құжаттар»;
«16) 2-тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азаматтың өтініші, жеке бас куәлігінің, әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азаматтың өтініші, жеке бас куәлігінің, СТН және медициналық жолдаманың көшірмелері, нақты шығынын растайтын құжаттар, тұратын жерінен анықтама, науқастын медициналық картасының көшірмесі».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап іске енеді.