О внесении изменений и дополнений в постановление районного акимата от 19 апреля 2007 года № 143/4 «Об утверждении Инструкции по назначению социальных выплат отдельным категориям граждан, финансируемых из районного бюджета» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.11.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» № 143/4 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес және ауданның жекелеген санаттағы азаматтарына атаулы әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі «Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқауды бекіту туралы» (2007 жылғы 2 мамыр МТН 12-6-40, аудандық «Родные просторы» газетінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 22 санында жарияланды) № 143/4 қаулысына, аудан әкімдігінің 2007 жылғы 1 маусымдағы (2007 жылғы 12 маусым МТН 12-6-42, аудандық «Родные просторы» газетінің 2007 жылғы 14 шілдедегі № 28 санында жарияланды) № 186/6 қаулысымен енгізілген толықтыруларын есепке ала отыра, келесі толықтырулар енгізілсін: аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтардың жекелеген санатттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқаудың: 2-тармағы келесі мазмұндағы 17), 18), 19) тармақшаларымен толықтырылсын: «17) 2007 жылғы ауылдық жерлерге жоғары оқу оырнадрынан келісім бойынша, орта арнайы оқу орындарынан жолдамамен келген денсаулық сақтау саласындағы жас мамандарға»; «18) орта жанға шаққандағы табысы кедейлік деңгейінен аспайтын әлеуметтік көмекке мұқтаж деп танылған дербес шаруашылығын дамыту үшін»; «19) әлеуметтік жәрдемақы алатын зейнеткерлерге»; 4-тармақтың 1)-тармақшасындағы: «тұрғын үй» деген сөзден кейін «және моншаны» деген сөздермен толықтырылсын; «үш» сөзі «екі» сөзімен ауыстырылсын; «және телефон ортануға» сөздермен толықтырылсын. 4-тармағы келесі мазмұндағы 17), 18), 19) тармақшаларымен толықтырылсын; «17) 2-тармақтын 17)-тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-жоғары оқу орындарының түліктеріне 150 000 теңге мөлшерінде, орта арнайы оқу оырндарының түліктеріне 100 000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек»; «18) 2- тармақтың 18)-тармақшасында көрсетілген санаттар үшін- 55 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек»; «19) 2-тармақтың 19)-тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 2 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек». 5-тармақтың 1)-тармақшасындағы: «және» сөзінен кейін «қажетті жағдайда» сөздермен толықтырылсын. 5-тармағы келесі мазмұндағы 17), 18), 19) тармақшаларымен толықтырылсын; «17) 2-тармақтың 17)-тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-әлеуметтік төлем алуға құқығы бар азаматтың жеке есеп шоты көрсетілген өтініші, жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың көшірмесі, жеке куәлігінің көшірмесі, тұратын жерінен анықтама, салық төлеушінің тіркеу нөмірі және жеке әлеуметтік кодының көшірмесі, жоғары оқу орындары түліктері үшін келісімшарттың көшірмесі, орта арнайы оқу орындарының түліктері үшін жолдаманынң көшірмесі, денсаулық сақтау басшының қолдаухаты»; «18) 2-тармақтың 18)-тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-келісімшарт, әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, жеке куәшлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірі көшірмесі, басқа табыстарының көрсетілуімен қатар тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, село, селолық округ әкімінің қолдаухаты, шаруашылығы және үй учаскесі көрсетілген тұратын жерінен анықтама, әлеуметтік көмек берілу қажеттілігі туралы учаскелік комиссияның шешімі»; «19) 2-тармақтың 19)-тармақшасында көрсетілген санаттар үшін-әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар тұлғаның өтініші, жеке куәлігінің және салық төлеушінің тіркеу нөмірі көшірмесі, тұратын жерінен анықтама, зейнетақы төлемі бойынша мемлекеттік орталық бөлімімен куәландырылған мәртебесін растайтын құжат».
Тармақ 2
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.