О внесении изменений в решение маслихата от 19 декабря 2007 года № 18 «О бюджете Денисовского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18
«Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданы әкімдігінің 2008 жылдың 11 сәүрдегі Денисов аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Денисов аудандық мәслихатының шешімі жобасын аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы» қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2007 жылғы 28 желтоқсан № 9-8-82; 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 2, 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 3, 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 4 «Наше время» газеті), бұрын Денисов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 29 «Мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен өзгерістер енгізілген (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-8-58 жылғы 2008 жылғы 25 қаңтар, «2008 жылғы 15 ақпандағы № 7, 2008 жылғы 29 ақпандағы № 9, 2008 жылғы 14 наурыздағы № 11 Наше время» газеті).
Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 921579 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша - 328251 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1403 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 580 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 591345 мың теңге;
2) шығындар - 945260,2 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -23681,2 мың теңге;
4) бюджеттік таза кредиттеу - 0;
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
6) дефицит (профицит) - 23681,2 мың теңге;
7) бюджет дефицитін қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 23681,2 теңге».
Бірінші, үшінші өзгерістер қосымшаларға енгізілсін. Өзгерістер жаңа редакияға енгізілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4