О внесении изменений и дополнений в решение маслихата от 19 декабря 2007 года № 18 «О бюджете Денисовского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының тармақшасына сәйкес, 2008 жылғы 11 шілдедегі № 107 Қостанай облыстық мәслихатының «2007 жылдың 12 желтоқсандағы № 32 Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2008 жылға арналған облыстық бюджет туралы» (2008 жылдың 18 қантардағы № 3587 мемлекеттік тіркеу нөмірі) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізуі туралы шешімінің негізінде, Денисов ауданы әкімдігінің 2008 жылдың 14 шілдедегі № 170 «Денисов аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Денисов аудандык мәслихатының шешімі жобасын Денисов аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы» қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Денисов аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (2007 жылдың 28 желтоксандағы мемлекеттік тіркеу нөмірі № 9-8-82, «Наше время» газетінің 2008 жылдың 11 қаңтардағы № 2, 2008 жылдың 18 қантардағы № 3, 2008 жылдың 25 қантардағы № 4), бұрын енгізілген өзгерістер: 2008 жылдың 11 қаңтардағы аудандық мәслихатының №29 «Денисов аудандық мәслихатының 2007 жылдың 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2008 жылдың 25 каңтардағы мемлекеттік тіркеу нөмері № 9-8-83, «Наше время» газетінің 2008 жылдың 15 ақпандағы № 7, 2008 жылдың 29 ақпандағы № 9, 2008 жылдың 14 наурыздағы № 11), 2008 жылдың 16 сәуірдегі аудандық мәслихатының № 22 «Денисов аудандық мәслихатының 2007 жылдың 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (2008 жылдың 22 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмері 9-8-93, «Наше время» газетінің 2008 жылдың 2 мамырдағы № 18, 2008 жылдың 4 шілдедегі № 27).
Көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 972178 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша - 371351 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1403 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2480 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 596944 мың теңге;
2) шығындар - 995859,2 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -23681,2 мың теңге;
4) бюджеттік таза кредиттеу - 0;
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
6) дефицит (профицит) - -23681,2 мың теңге;
7) бюджет дефицитін қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 23681,2 мың теңге».
4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) ауданның 2008 жылға арналған бюджетінің шығындарында ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен және облыс бюджетінен дамуға арналған нысаналы трансферттер шығындары келесі көлемде есепке алынсын:
ағымдағы нысаналы трансферттер:
2008 жылға арналған бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің материалдык-техникалық базасын нығайтуға - 9400 теңге, оның ішінде:
физика кабинетінің білім беру құралдарымен жабдықтауға - 7600 мың теңге;
компьютерлерді сатып алуға - 1800 мың теңге;
жоғары оқу орындарында білім алуы үшін аз қамтылған отбасылардағы мектеп бітірушілерге материалдык көмек көрсетуге - 765 мың теңге;
дамуға арналған нысаналы трансферттер:
жер астындағы табылған судан Денисов ауданының Денисовка селосын мен жабдықтауға 9417 мың тенге;
2) Республикалық бюджеттен ауданның 2008 жылға арналған бюджетінің шығындарында ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен келесі көлемдерде екскертілсін:
ағымдағы нысаналы трансферттер:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттерін құруға — 5548 мың теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивтік білім беру жүйесі - 7714 мың теңгеге енгізілсін;
18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны және мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақыларды күнкөрістік минимум мөлшерінің өсуіне байланысты - 4507 мың теңге төленсін, оның ішінде:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақылар - 474 мың теңгеге төленсін;
аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдем ақылар - 4033 мың теңге төленсін;
ең төменгі жалақы көлемінің кобеюіне байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге,- 7647;
дамуға арналған нысаналы трансферттер:
электрондық басқару шегіндегі адам капиталы - 2968 мың теңге;
мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту - 574 мың теңге;
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорына тұрғын үй құруға - 45455 мың теңге.
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамуы мен жайластырылуы - «Денисов ауданының Денисовка селосындағы он алты пәтерлік тұрғын үйге инженерлік желілер» - 10000 мың теңге».
Берілген шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес 1, 3-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4