О внесении изменений в решение маслихата от 19 декабря 2007 года № 18 «О бюджете Денисовского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
Мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсанындағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, 2008 жылдың 5 қарашасындағы № 129 Қостанай облыстық мәслихатының «2007 жылдың 12 желтоқсандағы № 32 Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістерді енгізу туралы» (2008 жылдың 18 қаңтарындағы № 3587 мемлекеттік нөмірімен тіркелген) шешімінің негізінде және 2008 жылдың 6 қарашасындағы № 259 Денисов ауданы әкімдігінің «Денисов аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» Денисов аудандық мәслихатының шешімі жобасын Денисов аудандық мәслихаттың сессиясының қарауына енгізу туралы» қаулысын қарастырып мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» (2007 жылғы 28 желтоқсанында № 9-8-82 мемлекеттік нөмірімен тіркелген; 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 2, 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 3, 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 4 «Наше время» гәзетінде жарияланған) шешімімен, бұрын Денисов аудандық мәслихатының 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 29 «Мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (2008 жылғы 25 қаңтарында № 9-8-83 мемлекеттік нөмірімен тіркелген; 2008 жылғы 15 ақпандағы № 7, 2008 жылғы 29 ақпандағы № 9, 2008 жылғы 14 наурызындағы № 11 «Наше время» гәзетінде жарияланған), аудандық мәслихатының 2008 жылғы 16 сәуіріндегі № 45 «Мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы (2008 жылғы 22 сәуіріндегі № 9-8-93 мемлекеттік нөмірімен тіркелген; 2008 жылғы 2 мамырындағы № 18, 2008 жылғы 4 шілдедегі № 27 «Наше время» гәзетінде жарияланған) шешімімен, аудандық мәслихатының 2008 жылғы 16 шілдедегі № 62 «Мәслихаттың 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 18 «Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті туралы (2008 жылғы 23 шілдесіндегі № 9-8-99 мемлекеттік нөмірімен тіркелген; 2008 жылғы 8 тамызындағы № 32, 2008 жылғы 15 тамызындағы № 33, 2008 жылғы 5 қыркүйектегі № 36 «Наше время» гәзектінде жарияланған) шешіміне өзгертулерді енгізу.
Көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Денисов ауданының 2008 жылға арналған бюджеті 1-қосымшаға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 972178 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдері бойынша - 371351 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1403 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2480 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 596944 мың теңге;
2) шығындар - 995859,2 мың теңге;
3) операциялық сальдо - -23681,2 мың теңге;
4) бюджеттік таза кредиттеу - 0;
5) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;
6) дефицит (профицит) —23681,2 мың теңге;
7) бюджет дефицитін қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 23681,2 теңге».
4-тармағы жаңа редацияда жазылсын:
«1) ауданның 2008 жылға арналған бюджетінің шығындарында ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен және облыс бюджетінен дамуға арналған нысаналы трансферттер шығындары келесі көлемде есепке алынсын: ағымдағы нысаналы трансферттер:
2008 жылға арналған бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға - 9400 мың теңге, оның ішінде:
физика кабинетінің білім беру құралдарымен жабдықтауға - 7600 мың теңге;
компьютерлерді сатып алуға - 1800 мың теңге;
жоғары оқу орындарында білім алуы үшін аз қамтылған отбасылардағы мектеп бітірушілерге материалдық көмек көрсетуге - 765 мың теңге;
дамуға арналған нысаналы трансферттер:
жер астындағы табылған судан Денисов ауданының Денисовка селосын сумен жабдықтауға 9417 мың теңге;
2) Республикалық бюджеттен ауданның 2008 жылға арналған бюджетінің шығындарында ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен келесі көлемдерде ескертілсін:
ағымдағы нысаналы трансферттер:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттерін кұруға - 5548 теңге;
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивтік білім беру жүйесі - 7714 мың теңгеге енгізілсін;
18 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны және мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақыларды күнкөрістік минимум мөлшерінің өсуіне байланысты - 4507 мың теңге төленсін, оның ішінде: мемлекеттік атаулы әлеуметтік жәрдемақылар - 474 мың теңгеге төленсін;
аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдем ақылар - 4033 мың теңге төленсін;
ең төменгі жалақы көлемінің көбеюіне байланысты жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге - 7647;
дамуға арналған нысаналы трансферттер:
электрондық басқару шегіндегі адам капиталы - 2968 мың теңге; мемлекеттік қызметкерлерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту - 574 мың теңге;
мемлекеттік коммуналдық тұрғын уй қорына тұрғын үй кұруға - 45455 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның дамуы мен жайластырылуы - «Денисов ауданының Денисовка селосындағы он алты пәтерлік тұрғын үйге инженерлік желілер» - 10000 мың теңге».
Берілген шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес 1, 3-қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Басқа 4