О внесении изменений и дополнений в решение от 19 декабря 2007 года № 23 «О бюджете города Аркалыка на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) -тармақшасына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-75, 2008 жылғы 11 каңтардағы «Арқалық Хабары» № 1-2 газетінде жарияланған, бұрын «2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 40 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-78, 2008 жылғы 8 ақпандағы «Арқалық Хабары» № 6 газетінде жарияланған); «2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 62 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3-88, 2008 жылғы 2 мамырдағы «Арқалық Хабары» № 18 газетінде жарияланған шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті 1-косымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) кіріс бойынша - 2246352 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 806958 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 5897 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 20531 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 1412966 мың теңге;
2) шығындар - 2310864,8 мың теңге;
3) операциялық қалдық - (-64512,8) мың теңге;
4) таза бюджеттен кредит беру - 0 мың теңге;
5) қаржылық активтер операциясының қалдықтары - 49461,0 мың теңге;
6) бюджет дефициті (профициті) - (-113973,8) мың теңге;
7) бюджет дефицитін қаржыландыру (профицитті пайдаланып) – 113973,8 мың теңге сомасындағы бюджет қаражатының бос қалдығын тарту есебінде бюджет дефицитін өтеуді қамтамасыз ету.
2008 жылға арналған қала бюджетінде мыналар қарастырылып ескерілсін:
еңбек ақының ең аз мөлшерінің ұлғаюына байланысты, жергілікті бюджеттердің шығындарын өтеуге 13749,0 мың теңге сомасында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жүйесінде мемлекеттік интерактивті оқыту жүйесін енгізуге 2771,0 мың теңге сомасында республикалық бюджеттен алынған ағымдағы нысаналы трансферттер:
аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан мектеп бітірушілерді жоғары оқу орындарында оқытуға берілетін облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер көлемінің жалпы сомасы 1043,0 мың теңге.
Арқалық қаласының жергілікті атқарушы органының резерві 12829 мың теңге сомасында бекітілсін».
1-қосымшасы осы шешімнің 1-косымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3