О внесении изменений и дополнений в решение от 19 декабря 2007 года № 23 «О бюджете города Аркалыка на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) -тармақшасына сәйкес Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-75 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтардағы «Арқалық Хабары» № 1-2 апта сайынғы газетінде жарияланған), бұрын «2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 18 қаңтардағы № 40 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-3-78 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 8 ақпандағы «Арқалық хабары» № 6 апта сайынғы газетінде жарияланған); «2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 62 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-88 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 2 мамырдағы «Арқалық Хабары» № 18 апта сайынғы газетінде жарияланған); «2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 23 «Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 16 шілдедегі № 70 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-3-90 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 1 тамыздағы «Арқалық Хабары» № 31 апта сайынғы газетінде жарияланған) шешімдерімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Арқалық қаласының 2008 жылға арналған бюджеті 1-қосымшасына сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 3203616 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 814743 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 6112 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 12531 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 2370230 мың теңге;
2) шығындар - 3261628,8 мың теңге;
3) операциялық қалдық - (-58012,8) мың теңге;
4) таза бюджеттен кредит беру - 0 мың теңге;
5) қаржылық активтермен операциялары бойынша қалдықтары – 55961,0 мың теңге;
6) бюджет дефициті (профициті) - (-113973,8) мың теңге;
7) бюджет дефицитін қаржыландыру (профицитті пайдалану) - бюджет тапшылығын 113973,8 мың теңге көлеміндегі бюджет каражатының - қалдығын тарту есебінен өтеуді қамтамасыз ету.
2008 жылға арналған қалалық бюджетте нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі 1179 мың теңгеге сомасында азайтылғаны ескерілсін; соның ішінде:
физика, химия және биология кабинеттерін оқу құралдарымен жабдықтау үшін республикалық бюджеттен алынған нысаналы ағымдық трансферттер 196,0 мың теңге сомасында;
лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құру үшін республикалық бюджеттен алынған нысаналы ағымдық трансферттер 7,0 мың теңге сомасында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті оқыту жүйесін енгізуге республикалық бюджеттен алынған нысаналы ағымдық трансферттер 907,0 мың теңге сомасында;
жастардың білім алуымен байланысты шығындардың бір бөлігін әлеуметтік көмек корсету үшін республикалық бюджеттен алынған ағымдық трансферттер 69,0 мың теңге сомасында.
Арқалық қаласының жергілікті атқарушы органының резерві 18224,0 мың теңге сомасында бекітілсін».
1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3