О внесении изменений и дополнения в постановление от 19 апреля 2007 года № 256 «Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылғы сәуір - маусымда және қазан - желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 256 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындау үшін, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1.«Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылғы сәуір - маусымда және қазан - желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-70, 2007 жылғы 4 мамырдағы «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 256 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: 6 тармақтың 1), 3) тармақшалары алынып тасталсын; 8 тармақтың 1) тармақшасындағы «іздестіру және жеткізу жөніндегі шығындарды өтеуді осы кісілердің есебінен жүргізсін» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулының 1 қосымшасы «Жітіқара орталық аудандық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны бас дәрігерінің орынбасары» (келісім бойынша) деген сөзден кейін «медициналық комиссияның төрайымы» деген сөзбен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Қаулы оның бірінші ресми жарияланғанынан соң 10 күнтізбелік күн өткенінен кейін қолданысқа енеді.