О реализации решения Житикаринского районного маслихата от 19 декабря 2007 года № 41 «О бюджете Житикаринского района на 2008 год» Қолданыста
Басқа 0
«2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2007 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 41 Жітіқара аудандық
мәслихаттың шешімін іске асыру
туралы
Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 1-3) тармақшасына сәйкес және «2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-84, 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 1 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған) 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 41 Жітіқара аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру мақсатында, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік көмек түріндегі аудандық бюджеттен әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) 2008 жылға арналған аудан бюджетінен бөлінген қаржы шегінде жылына төленетін оқудың нақты құны мөлшерінде Қазақстан Республикасының жоғары және орта кәсіби оқу орындарына ақы төлеу үшін орта жалпы білім беретін оқу орынын бітірушілерге. Қазақстан Республикасының жоғары және орта кәсіби оқу орындарында оқуға ақы төлеуі үшін, орта жалпы білім беретін оқу орындарын бітірушілерге:
Қостанай облысы бойынша тиісті жылдың екінші тоқсанына белгіленген, жан басына шаққандағы орташа айлық табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасыларынан шыққандардың;
көп балалы отбасыларынан шыққандардың;
ата-анасынан қамқорынсыз қалған, соның ішінде, жетім балалардың;
балалардын мүмкіндіктері шектеулі болып танылғандараа әлеуметтік көмектің тағайындалуы белгіленсін;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмай қайтыс болған балаларды жерлеуге 10 айлык есептік көрсеткіш мөлшерінде. Кәмелетке толмай қайтыс болған балаларға:
егер, әкесі (ұл етіп асырап алушы, қыз етіп асырап алушы, корғаншы, қамқоршы) бала қайтыс болған күні Уәкілетті органға жұмыссыз есебінде тіркелген болса, мүгедек немесе зейнеткер болса;
кәмелетке толмаған баланың анасы жұмыссыз есебінде Уәкілетті органға тіркелу фактісіне қарамастан әлеуметтік көмек тағайындалады.
Уәкілетті орган отбасының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, қамтамасыз етілу деңгейін есепке алады және әлеуметтік көмек беру мәселесін шешеді.
Ата-ана құқығынан айырылған, кәмелетке толмай қайтыс болған балалары бар ата-аналарға әлеуметтік көмек тағайындалмайды және төленбейді;
Тармақша 3
3) қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
Жұмыссыз қайтыс болар сәтте жұмыссыз есебінде Уәкілетті органға тіркелген болса, қайтыс болған жұмыссызды жерлеуге әлеуметтік көмек тағайындалады және де ол көмек қайтыс болғанның отбасы мүшесіне немесе оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға төленеді;
Тармақша 4
4) «Жітіқара ауданының құрметті азаматы» атағы бар азаматтарға ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 5
5) аудан бюджеті есебінен ұсталатын ұйымдардан зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлерге, сондай-ақ, материалдық көмекке мұқтаж зейнеткерлер мен мүгедектерге Қазақстан Республикасының мүгедектер Күні мен қарттар Күніне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 6
6) арнаулы комиссия шешімімен еңбек өтілі анықталған немесе расталған, 1941-1945 жылдар аралығында алты айдан кем емес жұмыс істеген өтілі бар тұлғаларға Жеңіс Күніне екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Тармақша 7
7) отбасындағы жан басына шаққанда табыстары азық-түлік себеті Құнынан төмен азаматтарға біржолғы - 5000 теңгеге дейінгі мөлшерде тұрмыстық қажеттілігіне;
Тармақша 8
8) отбасындағы жан басына шаққанда табыстары азық-түлік себеті Құнынан төмен азаматтарға біржолғы - 4500 теңгеге дейінгі мөлшерде қатты отын алуына;
Тармақша 9
9) отбасындағы жан басына шаққанда табыстары азық-түлік себеті құнынан төмен отбасы азаматтарына, әлеуметтік себептер бойынша күн көру қаражатынсыз қалған ауданда тұратын азаматтарға күніне бір рет ыстық тамаққа;
Тармақша 10
10) туберкулезден емделу фазасына қолдау көрсетуде туберкулезбен ауыратындардың қосымша тамақтануына бір айлық ай сайын есептік көрсеткіш мөлшерінде;
«Жітіқара аудандық туберкулезге қарсы аурухана» мемлекеттік мекемесінен анықтамада көрсетілгендей анықтамасы бар болғанда, әлеуметтік көмек алушыға анықтамада көрсетілген мерзімге тағайындалады;
Тармақша 11
11) республикалық және облыстық маңыздағы дербес зейнеткерлерге, Қазақстан Республикасының еңбектері сіңген қызметкерлеріне біржолғы 30000 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмск беріледі.
Тармақ 2
2. Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі Уәкілетті орган «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ыстық тамақ түріндегі әлеуметтік көмектен басқа, әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері, алушылардың жеке есеп шоттарына ақша қаражаттарын аудару жолымен Уәкілетті органмен төленеді.
Тармақ 4
4. «2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы «2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 1 әкімдік қаулысының күші жойылған деп есептелсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-64, 2007 жылғы 9 ақпандағы «Житикаринские новости» газетінде жарияланған, бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген; «2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулыға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 2 шілдедегі № 439 әкімдік қаулысымен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-75, 2007 жылғы 3 тамыздағы № 32 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған, «2007 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы» 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 Жітіқара аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы» 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 1 әкімдік қаулысына толықтыру енгізу туралы» 2007 жылғы 23 қазандағы № 712 әкімдік қаулысы, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-83, 2007 жылғы 23 қарашадағы № 48 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған).
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Қаулы 2008 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.