О внесении изменений и дополнений в постановление от 19 января 2007 года № 73 «Об утверждении Перечня целевых групп населения на 2007 год» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы 19 қаңтардағы № 73 «Халықтың нысаналы топтарының 2007 жылға арналған Тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5, 7- баптарына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 19 қаңтардағы № 73 «Халықтың нысаналы топтарының 2007 жылға арналған Тізбесін бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-3- 56, «Арқалық хабары» газетінде 2007 жылғы 2 наурызда жарияланған) қаулысына толықтырулар енгізілсін: Қосымша тармақшалармен толықтырылсын: 12. Уәкілетті органда ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар. 13. Елу жастан асқан адамдар.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. З. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары К.Ш. Шаяхметовке жүктелсін.