О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 февраля 2008 года N 166 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 166 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., N 9, 93-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 166 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін: кіріспеде "15" деген сандардан кейін ", 15-1" деген сандармен толықтырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің білім беруге 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану ережесінде: 1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "077 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқитындарға стипендиялар төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер".".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.