О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 мая 2008 года N 471 Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 мамырдағы N 471 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Бензин және дизель отынын әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 мамырдағы N 471 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 27, 253-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақта: "2008 жылғы 1 қыркүйекке" деген сөздер "2009 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын; "тұрмыстық пеш отынынан басқа," деген сөздер алынып тасталсын; "(СЭҚ ТН 2710 19 310 0 - 2710 19 490 0)" деген сөздер "(СЭҚ ТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0)" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетін Қазақстан Республикасының аумағынан бензинді және дизель отынын әкетуге тыйым салу мерзімінің ұзартылғаны туралы хабардар етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.