О реализации решения Узункольского районного маслихата от 19 декабря 2008 года № 111 "О районном бюджете на 2009 год" Қолданыста
Басқа 0
Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 111 "2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағына, "2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы" (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9-19-87 тіркелген, "Нұрлы жол" 2009 жылғы 15 қаңтарда Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 111 шешіміне сәйкес, Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" атты бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен мынадай әлеуметтік төлемдер белгіленсін:
Тармақша 1
1) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 64-жылдығын мерекелеуге байланысты:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен; "Ленинград блокадасының тұрғыны" белгісімен марапатталған тұлғаларға; басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс әрекеттеріне қатысушыларға; концентрациондық лагерлердің жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына; Ұлы Отан соғысының кезіндегі жалданбалы құрамның тұлғаларына; Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, некеге қайта тұрмаған жауынгерлердің жесірлеріне (күйеулеріне);
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек "Қарттар күніне", "Мүгедек күніне", мерей той қатысушыларына, және Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне;
Тармақша 3
3) республикалық және жергілікті маңыздағы дербес зейнеткерлерге және еңбегі сіңген жұмысшы атағы бар зейнеткерлерге жылына отыз мың тенге сомасындағы біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 4
4) қайтыс болған, кәмелетке толмаған балаларды және жұмыссыздарды жерлеу үшін республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он есе көлемінде тиісті жылға әлеуметтік көмек;
Тармақша 5
5) мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу үшін есептік құжаттардың негізінде тексерілудің бағасынан жүз пайыз көлемінде әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) мүгедек балаларға, тәрбиеленетіндер мен үйде оқитындарға, оқу жылы мезгіліне ай сайын тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін;
Тармақша 7
7) туберкулезбен ауыратын азаматтарға амбулаториаялық емделу кезеңінде қосымша тамақтануға тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген бес айлық есептік көрсеткіші біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 8
8) біржолғы әлеуметтік көмек жалпы білім беретін мектеп түлектеріне Қазақстан Республикасының жоғары және арнайы орта оқу орындарында білім алу үшін қаржы төлеуіне байланысты, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың және ата-анасының қамқорлығынан айрылған, бала жасынан мүгедектерге, дарынды балаларға, жетімдерге, толмаған отбасылардың балаларына, табысы аз отбасылардың (ен төменгі күнкөріс) осы жоғары және арнайы орта оқу орындарының нақты оқу бағасына сәйкес бөлінген жергілікті бюджеттің қаржысынан көрсетіледі;
Тармақша 9
9) жалпы білім беру мектеп түлектеріне Қазақстан Республикасының медициналық жоғарғы оқу орындарында оқуларына төлеу сәйкесті медициналық жоғарғы оқу орындағы нақты оқу бағасын және жергілікті бюджет бөлген қаржы шамасында біржолғы әлеуметтік көмек;
Тармақша 10
10) есепте тұратын, үйде қызмет көрсетіліп жүрген жалғыз тұратын қарттарға, кедей тұратын азаматтарға азық - түлік корзинасының мөлшерінің өсуіне байланысты, қаражаттық жыл ішінде ай сайын бір айлық тиісті жылға республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген 2009 жылға арналған қосымша әлеуметтік көмек;
Тармақша 11
11) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тиісті жылға ай сайын республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс пайыз көлемінде тұрмыстық қажеттіліктеріне және бір жолғы жиырма жеті мың жүз теңге;
Тармақша 12
12) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне мерзімді баспасөз жазылысына.
Тармақ 2
2. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мыналар белгіленсін:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұрмыстық қажеттіліктеріне азық - түлік корзинасының мөлшерінің өсуіне есепте тұратын, үйде қызмет көрсетіліп жүрген жалғыз тұратын қарттарға, кедей тұратын азаматтарға ай сайын берілетін әлеуметтік көмек арыз берген айынан тағайындалады және арыз берген адамның қайтқанынан немесе Ұзынкөл ауданының аймағынан көшіп кетсе тоқтатылады. Аталған оқиғалардың болған айынан, келесі айынан төлеу тоқтатылады;
Тармақша 2
2) әлеуметтік көмек тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім уәкілетті органмен құжаттар қабылданған күннен бастап он күн ішінде қабылданады;
Тармақша 3
3) әлеуметтік көмек кәмелетке толмаған балаларды жерлеу үшін еңбекке жарамды ата ананің біреуі (ұл (қыз) асырап алушысы) баланың қайтыс болған күніне жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда, ата-анасының біреуіне немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады;
Тармақша 4
4) әлеуметтік көмек қайтыс болған кезде жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін тағайындалады;
Тармақша 5
5) әлеуметтік көмек қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеу үшін, қайтыс болған адаммен қайтқан күніне бірге тұрған отбасы мүшелеріне немесе жерлеуші адамдарға төленеді;
Тармақша 6
6) әлеуметтік көмек мүгедек-балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу үшін отбасының табысына қарамастан мүгедек-баланың ата-анасына немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады және төленеді;
Тармақша 7
7) әлеуметтік көмек мүгедек балаларға, тәрбиеленетіндер мен үйде оқытындарға, отбасының табысына қарамастан мүгедек баланың ата – анасына немесе өзге заңды өкіліне тағайындалады және төленеді;
Тармақша 8
8) әлеуметтік көмек білім беру орындарының түлектеріне, сонымен қатар студентер санынан жастарға аз қамтылған және көп балалы отбасылардың және ата-анасының қамқорлығынан айрылған, бала жасынан мүгедектерге, дарынды балаларға, жетімдерге, толмаған отбасылардың балаларына, табысы аз отбасылардың (ен төменгі күнкөріс) тағайындалады;
Тармақша 9
9) жыл сайынғы біржолғы әлеуметтік көмек бірыңғай ұлттық тестіден өткен, Республикалық гранттан өтпеген, медицина жоғарғы білім мекемесінің студент санының есебіне кірмеген түлектерге көрсетіледі. "Ұзынкөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өтініші және ұсынысы бойынша, және арыз берген кезекпен бөлінген жергілікті бюджеттің қаржысынан оқуға қаражат бөлінеді;
Тармақша 10
10) әлеуметтік көмек туберкулезбен ауыратын азаматтарға "Ұзынкөл орталық аудандық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны берген өтініш берушінің амбулаторлық емделгендігін растайтын анықтаманы берген кезде тағайындалады;
Тармақша 11
11) әлеуметтік көмек төлеу уәкілетті орган берген тізімдерге сәйкес тиісті банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер немесе ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының есеп шотына ақшалай қаражат аударумен жүзеге асырылады;
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың тізбесін бекітсін.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. Қаулының орындалуына бақылау жасау Ұзынкөл ауданың әкімінің орынбасары М. В. Слесарьға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтардан бастап пайда болған әрекеттерге қолданылады.
КЕЛIСIЛДI:
"Ұзынкөл орталық аудандық аурухана"
мемлекеттiк коммуналдық қазыналық
кәсіпорны, бас дәрігер
Қ. Ержанов
Басқа 31. Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды
жерлеуге әлеуметтiк көмектi тағайындауға
қажеттi құжаттар тiзбесi
Ұзынкөл ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 10 сәуірдегі
№ 77 қаулысына қосымша
Қайтыс болған кәмелетке толмаған балаларды
жерлеуге әлеуметтiк көмектi тағайындауға
қажеттi құжаттар тiзбесi
Тармақ 1
1. Белгiленген үлгiдегi өтiнiшi.
Тармақ 2
2. Қайтыс болуы туралы куәлігі (түпнұсқа, көшiрмесi).
З. Баланың туу туралы куәлiгi (түпнұсқа, көшiрмесi).
Тармақ 4
4. Жұмыспен қамту мәселелері жөнiндегi уәклетті органның ата-аналардын біреуне (асырап алушысын, қорғаншысын, қамқоршысын) жұмыссыз есебiнде тiркеу туралы анықтамасы.
Тармақ 5
5. Ата-анасының, асырап алушының, қорғаншының, қамқоршының жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшiрмесi), сондай - ақ: асырап алушы баланы асырап алу туралы шешiмдi тапсырады (түпнұсқасы, көшiрмесi) қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншылық (қамқоршылық) куәлігін бередi, болмаса қорғаншыльқ және қамқоршылық органдарының балаға қамқоршы (қорғаншы) тағайындау туралы шешiмiн тапсырады (түпнұсқасы, көшiрмесi).
Тармақ 6
6. Мүгедектер үшiн — дәрiгерлiк әлеуметтiк сараптама комиссиясының мүгедектiк тобын белгiлеу туралы анықтамасы (түпнұсқасы, көшiрмесi).
Тармақ 7. Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге
әлеуметтiк көмектi тағайындауға қажетті
құжаттар тiзбесi
7. Зейнеткерлер үшiн — зейнетақы куәлігі (түпнұсқасы, көшiрмесi).
Қайтыс болған жұмыссыздарды жерлеуге
әлеуметтiк көмектi тағайындауға қажетті
құжаттар тiзбесi
Тармақ 1
1. Белгiленген үлгiдегi өтiнiшi.
Тармақ 2
2. Қайтыс болуы туралы куәлігі (түпнұсқасы, көшiрмесi).
З. Жұмыспен қамту мәселері жөнiндегi уәкілетті органның қайтыс болған адамның жұмыссыз ретiнде тiркелгенiн растайтын анықтамасы.
Тармақ 4
4. Қайтыс болған жұмыссыздың жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшiрмесi).
Тармақ 5. Бiлiм беру орындарының түлектерiне әлеуметтiк
көмектi тағайындауда қажетті құжаттар тізбесі
5. Әлеуметтік көмектi алуға құқылы тұлганың жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшiрмесi), сондай - ақ:
егер жерлеу отбасы мүшслерiнiң тұрғысынан iске асырылған болса, өтiнiш иесi туыстық қатынастарды растайтын дерек ретiнде құжатты табыс етедi (түпнұсқасы, кешiрмесi), егер жерлеу отбасы мүшелерiнiң емес, басқа бiреудiң тұрғысынан iске асырылған болса, отiнiш иесi жол-жора қызметтерiн көрсететiн мекемеден алынған құжатты (түпнұсқасы, кешiрмесi) немесе жерлеудің іске асырылғандығын растайтын селолық округ, село әкімі аппаратынан алынған анықтамасын ұсынады.
Бiлiм беру орындарының түлектерiне әлеуметтiк
көмектi тағайындауда қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 1
1. Белгiленген үлгiдегi өтiнiшi.
Тармақ 2
2. Өтiнiш – иесінің жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшiрмесi).
З. Тұратын жерін растайтын құжат.
Тармақ 4
4. Үлгілі анықталған жалпы орта білім туралы аттестаті (түпнұсқасы, кешiрмесi).
Тармақ 5
5. Үлгілі анықталған ұлттық бірыңғай тестілеудің мемлекеттік сертификатінің немесе комплекстік тестілеудің нәтижесі (түпнұсқасы, кешiрмесi).
Тармақ 6
6. Салық төлеушінің тіркеу номері (түпнұсқасы, кешiрмесi).
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жеке коді (түпнұсқасы, кешiрмесi).
Тармақ 8
8. Аз қамтылған азаматтар үшiн-отбасы мүшелерiнiң табыстарының бар болуы немесе жоқ екендiгiн растайтын құжаттары.
Тармақ 9
9. Оқу орнынан алынған анықтамасы немесе бұйрықтың кошірмесі.
Тармақ 10. 18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларды
компьютерлiк томографпен тексеруге байланысты
шығынды өтеуге арналған әлеуметтiк көмектi
тағайындауға қажетті құжаттар тiзбесi
10. Жоғары немесе орта - арнайы кәсіптік бiлiмдi маманды даярлау туралы оқу орнымен жасасқан шарт.
18 жасқа дейiнгi мүгедек балаларды
компьютерлiк томографпен тексеруге байланысты
шығынды өтеуге арналған әлеуметтiк көмектi
тағайындауға қажетті құжаттар тiзбесi
Тармақ 1
1. Белгiленген үлгiдегi өтiнiшi.
Тармақ 2. Ұлы Отап соғысының қатысушылар мен
мүгедектерiне тұрмыстық қажеттіліктеріне,
әлеуметтiк көмекті тағайындауға қажетті
құжаттар тiзбесi
2. Өтiнiш – иесi тұнғыш рет өтiнiш бiлдiрген уақытта, мына кұжаттарды ұсынады:
баланың туу туралы куәлігі (16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларға), жеке бас куәлігінің көшiрмесi (16 жастан 18 жасқа дейiнгi мүгедек-балалар үшiн) (түпнұсқасы, көшiрмесi);
тұратын жерін растайтын құжат;
мүгедектiк тобын белгiлеу туралы дәрігерлік-әлеуметтік сараптама комиссиясының анықтамасы.
Ұлы Отап соғысының қатысушылар мен
мүгедектерiне тұрмыстық қажеттіліктеріне,
әлеуметтiк көмекті тағайындауға қажетті
құжаттар тiзбесi
Тармақ 1
1. Белгiленген үлгiдегi өтiнiшi.
Тармақ 2
2. Қатысушының немесе Ұлы Отан соғысының мүгедегi куәлігінің көшiрмесi.
Тармақ 3. Жергілікті және республикалық маңызы бар
дербес зейнеткерлерге, және еңбек сіңірген
жұмысшы атағы бар зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік
көмек тағайындауға қажетті құжаттар тiзбесi
3. Жеке басынын куәлігінін көшiрмесi.
Жергілікті және республикалық маңызы бар
дербес зейнеткерлерге, және еңбек сіңірген
жұмысшы атағы бар зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік
көмек тағайындауға қажетті құжаттар тiзбесi
Тармақ 1
1. Белгiленген үлгiдегi өтiнiшi.
Тармақ 2
2. Өтiнiш – иесінің жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, кешiрмесi).
Тармақ 3
3. Өтініш иесінің салық төлеуші тіркеу нөмірі (ТТН) (түпнұсқасы, көшiрмесi).
Тармақ 4. Туберкулезбен ауырып жатқан азаматтарға
әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті
құжаттар тiзбесi
4. Статус растайтын жергілікті және республикалық маңызы бар дербес зейнеткерлерге, және еңбек сіңірген жұмысшы атағы бар зейнеткерлер деген құжаттар көшiрмесi.
Туберкулезбен ауырып жатқан азаматтарға
әлеуметтік көмек тағайындауға қажетті
құжаттар тiзбесi
Тармақ 1
1. Белгiленген үлгiдегi өтiнiшi.
Тармақ 2
2. Өтiнiш – иесінің жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, кешiрмесi).
Тармақ 3
3. Өтініш иесінің салық төлеуші тіркеу нөмірі (ТТН) (түпнұсқасы, көшiрмесi).
Тармақ 4
4. Өтініш берушінің әлеуметтік жеке коды (түпнұсқасы, кешiрмесi).
Тармақ 5
5. Тұратын жерін растайтын құжат.
Тармақ 6. Білім түлектеріне, медициналық жоғарғы оқу
орындарында оқитын студенттерге әлеуметтік
көмек тағайындауға қажетті құжаттар тiзбесi
6. Амбулаториалық емделуде екіндігін растайтын дәрігерлік мекемеден анықтама.
Білім түлектеріне, медициналық жоғарғы оқу
орындарында оқитын студенттерге әлеуметтік
көмек тағайындауға қажетті құжаттар тiзбесi
Тармақ 1
1. Белгiленген үлгiдегi өтiнiшi.
Тармақ 2
2. Өтiнiш – иесінің жеке басын куәландыратын құжаты (түпнұсқасы, көшiрмесi).
Тармақ 3
3. Тұратын жерін растайтын құжат.
Тармақ 4
4. Үлгілі анықталған жалпы орта білім туралы аттестаті (түпнұсқасы, кешiрмесi).
Тармақ 5
5. Үлгілі анықталған ұлттық бірыңғай тестілеудің мемлекеттік сертификатінің немесе комплекстік тестілеудің нәтижесі (түпнұсқасы, кешiрмесi).
Тармақ 6
6. Өтініш иесінің салық төлеуші тіркеу нөмірі (ТТН) (түпнұсқасы, көшiрмесi).
Тармақ 7
7. Өтініш берушінің әлеуметтік жеке коды (түпнұсқасы, кешiрмесi).
Тармақ 8
8. Оқу орнынан алынған анықтамасы немесе бұйрықтың кошірмесі.
Тармақ 9
9. Медициналық жоғарғы оқу мамандығына даярлау туралы шарт және оқушыны оқуға кіргізу туралы оқу орнынан бұйрық.
Тармақ 10
10. "Ұзынкөл аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің берген қолдаухаты және ұсынысы.