О внесении изменений в постановление акимата Акмолинской области от 19 июня 2008 года № А-5/244 "Об ограничении хозяйственной деятельности на территории зоологических государственных природных заказников "Атбасарский", "Восточный", "Буландынский", "Ерейментауский" Қолданыста
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы № А-5/244 "Атбасар", "Восточный", "Бұланды", "Ерейментау" зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына, «Қарағанды және Ақмола облыстарының жекелеген мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 247 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 19 маусымдағы № А-5/244 «Атбасар», «Восточный», «Бұланды», «Ерейментау» зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3256 болып тіркелген, 2008 жылғы 22 шілдедегі «Арқа ажары» және «Акмолинская правда» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
атауы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Атбасар», «Восточный», «Бұланды» зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтарының аумағында шаруашылық қызметті шектеу туралы»;
1-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 69-бабы, 1-тармағындағы 2) тармақшаға сәйкес, «Атбасар», «Восточный», «Бұланды» зоологиялық мемлекеттік табиғи қорықтардың аумағында жер учаскелері иегерлерінің және жер пайдаланушылардың шаруашылық жүргізу қызметіне шектеу қойылсын.»;
2 - тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«2. Атбасар, Еңбекшілдер аудандарының әкімдіктері, "Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Атбасар", "Восточный", "Бұланды" зоологиялық мемлекеттік табиғи кіші қорықтардың аумағында:
жер телімдерінің иегерлері мен жер пайдаланушылардың жер телімдеріне ауыртпалықтарды белгілеу бойынша;
барлық жер телімдерінің иегерлері мен жер пайдаланушыларды шаруашылық қызмет шектеулердің енгізілуімен таныстыру бойынша қажетті шаралар қолдансын.».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.