О внесении дополнения в решение Осакаровского районного маслихата от 19 ноября 2008 года № 86 "Об утверждении схемы зонирования земель для целей налогооблажения Осакаровского района Карагандинской области Республики Казахстан" Күшін жойған
Басқа 0
Осакаров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Осакаров ауданының жерлерін салық салу мақсаттары үшін аймақтандыру сызбасын бекіту туралы" № 86 шешіміне қосымша енгізу туралы
2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8 бабының 2 тармағымен, сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қарашадағы "Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Осакаров ауданының жерлерін салық салу мақсаттары үшін жерді аймақтандыру сызбасын бекіту туралы" № 86 шешіміне келесі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-15-94 болып тіркелген, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 52 (7120) "Сельский труженик" газетінде жарияланған) келесі қосымша енгізілсін:
орыс тіліндегі шешімінің тақырыбында және 1 тармағында "зонирования земель" сөздерінен кейін ", поправочные коэффициенты к базовым ставкам земельного налога" сөздерімен толықтырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің тақырыбында "сызбасын" сөзінен кейін ", жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициентін" сөздерімен толықтырылсын;
мемлекеттік тіліндегі шешімнің 1 тармағында "сызбасы" сөзінен кейін ", жер салығының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенті" сөздерімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатың бюджет және ауданның әлеуметтік экономикалық бойынша тұрақты комиссиясына (В.К. Эммерих) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
20 тамыз 2014 жыл
20 тамыз 2014 жыл