О внесении дополнений в постановление акимата от 19 января 2009 года № 10 "Об утверждении перечня целевых групп населения на 2009 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата от 19 января 2009 года № 10 "Об утверждении перечня целевых групп населения на 2009 год"
- Атауы (қаз.)
- Әкімдіктің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 10 "2009 жылға халықтың нысаналы топтар тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 141
- Қабылданған күні
- 07.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2009 AI47305_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NH000130
- ЭКБ идентификаторы
- 47305
- Редакция идентификаторы
- AI47305_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:50
0 Әкімдіктің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 10 "2009 жылға халықтың нысаналы топтар тізбесін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабы 2-тармағына, 7 бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әкімдіктің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 10 "2009 жылға халықтың нысаналы топтар тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-8-116 болып тіркелген, "Наше время" газетінің 2009 жылғы 13 наурызда жарияланған) қаулысымен бекітілген жұмыспен қамтуды қолдау үшін нысаналы топтарға кіретін тұлғалар тізбесі 15, 16, 17, 18, 19-тармақтармен толықтырылсын:
"15. Алынған мамандық бойынша стажы және тәжірибесі болмаған жұмыссыз жастар;
16. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
17. Жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына байланысты не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына,қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
18. Толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылғандар;
19. Жалғыз басты аналар".
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
___________________ Д. Мұсылманқұлова
07.07.2009 ж.