О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 ноября 2010 года № 1221 «Об утверждении Правил проведения конкурса на международные авиамаршруты и выдачи свидетельств на международные авиамаршруты для оказания услуг по перевозке пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында: көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАМАРШРУТҚА КУӘЛІК
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы « » № қаулысына қосымша Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткізу және авиамаршруттарға куәліктер беру қағидаларына 2-қосымша ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАМАРШРУТҚА КУӘЛІК ____________________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы) жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау (тасымалдау объектілері көрсетіледі) мақсатында __________________________________________________ халықаралық авиамаршруты бойынша (халықаралық авиамаршрут атауы) __________________________________________________________________________жиілігімен (аптасына рұқсат етілген рейстер саны) тұрақты авиарейстерді орындау құқығы берілді. Халықаралық авиамаршрутқа куәлік берген мемлекеттік орган ___________________________________________________________________________________ (куәлікті берген мемлекеттік органның толық атауы) ___________________________________________________________________________________ (уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ол уәкілеттік берген адамның тегі, аты-жөні және қолы) Куәлік берілген күн: 20___ жылғы «___» ___ Куәліктің қолданылу мерзімі: 20___ жылғы «___» ___ дейін Куәліктің нөмірі ____________ № ____________