О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Аксу от 19 февраля 2010 года № 72/2 "Об организации общественных работ в городе Аксу и сельском регионе на 2010 год" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы "Ақсу қаласында және ауыл өңірінде 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 72/2 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 8 және 20-баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы "Ақсу қаласында және ауыл өңірінде 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 72/2 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 2010 жылғы 10 наурызда № 12-2-127 болып тіркелген, "Ақжол-Новый путь" қалалық газетінде 2010 жылғы 20 наурызда № 23 жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қала әкімдігі қаулысының 2-қосымшасындағы: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Ақсу қаласының әкімдігі Ақсу қаласының қаржы бөлімі "Теплосервис - Ақсу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны."; мынадай мазмұндағы 37-тармақпен толықтырылсын: "37. Ақсу қаласы әкімдігінің, Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Сауық сервис" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.".
Тармақ 2
2. Қала әкімдігінің осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.