Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для кандидатов в депутаты Сената Парламента Республики Казахстан на период выборов, назначенных на 19 августа 2011 года Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2011 жылғы 19 тамыздағы тағайындалған сайлау кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "2011 жылғы 19 тамызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 маусымдағы № 98 Жарлығына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қалалық сайлау комиссиясымен бірлесіп Рудный қаласы аумағында 2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған сайлау кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Рудный қалалық сайлау комиссиясының төрағасы ________ А. Тарасевич
Басқа 4
2011 жылғы 22 шілдедегі № 916 әкімдігінің қаулысына қосымша 2011 жылғы 19 тамызға тағайындалған сайлау кезеңінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына үміткерлер үшін үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Тармақ 1
1. Рудный қаласы: 50 лет Октября көшесі, "Универсам" дүкенінің ауданы; Ленин көшесі: "Дос Бол" дүкенінің ауданы; Комсомол даңғылы, "Форум" сауда үйінің ауданы;
Тармақ 2
2. Қашар кенті: Рудный қаласы әкімдігінің "Күн" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ғимаратының жаңында; 2 шағын аудан, № 72 үй жаңында; 2 шағын аудан, № 84 үй жаңында.
Тармақ 3
3. Горняцк кенті, Рудный қаласы әкімдігінің "Горняцк поселкесі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаңында;
Тармақ 4
4. Перцев ауылы, "Перцев негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жаңында.