О внесении изменения в постановление акимата города Талдыкорган от 19 апреля 2011 года N 9-400 "Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2011 года в городе Талдыкорган" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі "Талдықорған қаласында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 9-400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 20-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі "Талдықорған қаласында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 5 мамырдағы тіркелген нөмірі 2-1-142, "Талдықорған" газетінің 2011 жылғы 13 мамырдағы 21-нөмірінде жарияланған) N 9-400 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: 1-қосымшасында: көрсетілген қаулымен құрылған шақыру комиссиясының құрамына: Жандос Бейсенбекұлы Жолдыханов - қала әкімі аппаратының бас инспекторы, комиссия төрағасының орынбасары енгізілсін; көрсетілген құрамнан Шыңғыс Тұрарбайұлы Немеребаев шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.А. Алпысовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.