О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 115 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2012 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 115 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 115 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 27-28, 367-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды: 010 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер»; 027 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттер.»; 038 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер».»; 3-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 5-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге: наркологиялық диспансерлерде және оңалту орталықтарында, хоспистер мен мамандандырылған емдеу-профилактикалық кәсіпорындарында, санаторийлерде, мейірбикелік күтім ауруханаларында науқастарды емдеуге стационарлық және стационарды алмастыратын көмекке; онкологиялық науқастарға медициналық көмек көрсету (2011 жылғы желтоқсандағы шот-тізілімге енбеген ТМКК аясында медициналық қызмет көрсету оқиғалары үшін және сапа мен көлемді бақылау бойынша оқиғаларды қосқандағы төлем); аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыруға; тіс-жақ аномалияларын жоюға арналған аппаратты пайдалана отырып, туа біткен жақ-бет мүшелерінің патологиясы бар балаларға ортодонттық көмек (ортодонттық пластинка) көрсетуге медициналық қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мемлекеттік денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдары жүзеге асырады.»; 4-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «4. Жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға және жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі»; мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын: «13-1. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмнiң, белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттiк бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспарының негiзiнде мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі болған кезде жүзеге асырылады. Күрделі сипаттағы шығыстарды қоспағанда, ағымдағы нысаналы трансферттер жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға байланысты ағымдағы шығыстарға пайдаланылады.»; көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 3. 2012 жылы облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1725 қаулысына қосымша Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына 2-қосымша 2012 жылы облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттердің сомасын пайдалану бағыттары мың теңге Р/с № Өңір­лер­дің ата­уы БМСК ұй­ым­да­рын жа­рақ­тан­ды­ру Же­дел ме­ди­ци­на­лық жәр­дем қыз­ме­тін жа­рақ­тан­ды­ру Ту­бер­ку­лез­ге қар­сы ұй­ым­дар­ды жа­рақ­тан­ды­ру Ба­ла­лар мен босан­ды­ру ұй­ым­да­рын жа­рақ­тан­ды­ру Аудан­дық, қа­ла­лық және об­лы­стық ау­ру­ха­на­лар­ды жа­рақ­тан­ды­ру Он­ко­ло­ги­я­лық ұй­ым­дар­ды жа­рақ­тан­ды­ру Маг­нит­ті-ре­зо­нан­сты және ком­пью­тер­лік то­мо­граф­тар­мен жа­рақ­тан­ды­ру 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1. Ақ­мо­ла об­лы­сы 37 454 4 686 30 730 196 965 146 997 - - 2. Ақ­тө­бе об­лы­сы 1 135 7 762 30 720 82 558 60 440 30 000 - 3. Ал­ма­ты об­лы­сы 307 374 37800 - 123 455 26 532 30 000 - 4. Аты­рау об­лы­сы 67 155 25 220 30 730 152 777 26 760 30 000 - 5. Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 119 422 12 610 30 730 234 193 26 500 30 000 - 6. Жам­был об­лы­сы 72 647 12 200 - 115 632 56 539 - 499 565 7. Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 61 219 - - 217 188 29 346 30 000 - 8. Қа­ра­ған­ды об­лы­сы 75 996 - 30 720 115 724 7106 30 000 - 9. Қо­ста­най об­лы­сы 98 325 12 610 - 193 442 83 909 - - 10. Қы­зы­лор­да об­лы­сы 42 765 25 222 - 287 001 7 100 30 000 255 674 11. Маң­ғы­стау об­лы­сы 39 125 25 222 - 235 784 7 109 30 000 - 12. Пав­ло­дар об­лы­сы 35 092 25 222 - 214 380 89 549 - - 13. Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы 41 100 25 200 - 139 632 28 090 30 000 - 14. Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы 60 934 - 55 999 356 841 6 958 30 000 - 15. Ал­ма­ты қа­ла­сы 73 365 - - 74 641 7 109 30 000 - 16. Аста­на қа­ла­сы 25 300 - - 194 474 7 106 30 000 - Жиы­ны: 1 158 408 213 754 209 629 2 934 687 617 150 360 000 755 239 мың теңге Р/с № Өңір­лер­дің ата­уы Кар­дио­ло­ги­я­лық кө­мек көр­се­те­тін ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­ды жа­рақ­тан­ды­ру Кар­дио-хи­рур­ги­я­лық, кар­дио­ло­ги­я­лық ор­та­лық­тар­ды (бө­лім­ше­лер­ді) жа­рақ­тан­ды­ру Ме­ди­ци­на­лық жы­л­жы­ма­лы ке­шен­дер­мен жа­рақ­тан­ды­ру Бар­лы­ғы 1 2 10 11 12 13 1. Ақ­мо­ла об­лы­сы 255 500 65 948 - 738 280 2. Ақ­тө­бе об­лы­сы 254 600 73 780 - 540 995 3. Ал­ма­ты об­лы­сы - 73 784 - 598 945 4. Аты­рау об­лы­сы 255 500 71 460 - 659 602 5. Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 254 600 73 740 128 250 910 045 6. Жам­был об­лы­сы - 62 360 - 818 943 7. Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы 255 500 73 768 - 667 021 8. Қа­ра­ған­ды об­лы­сы 255 500 110 703 - 625 749 9. Қо­ста­най об­лы­сы 255 700 68 786 - 712 772 10. Қы­зы­лор­да об­лы­сы - 73 794 - 721 556 11. Маң­ғы­стау об­лы­сы 255 730 36 905 - 629 875 12. Пав­ло­дар об­лы­сы 255 700 73 802 - 693 745 13. Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы 255 500 66 696 - 586 218 14. Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы - 73 786 - 584 518 15. Ал­ма­ты қа­ла­сы 510 000 73 810 - 768 925 16. Аста­на қа­ла­сы - 73 709 - 330 589 Жиы­ны: 3 063 830 1 146 831 128 250 10 587 778