О внесении изменений в решение Иргизского районного маслихата от 19 февраля 2014 года № 124 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества в Иргизском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Ырғыз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 124 «Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 39-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ырғыз аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 124 «Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3816 тіркелген, 2014 жылғы 31 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы шешімді Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Ырғыз аудандық мәслихатының
2019 жылғы 24 мамырдағы
№ 233 шешіміне қосымша
Ырғыз аудандық мәслихатының
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 124 шешімімен бекітілген
Ырғыз ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Ырғыз ауданында бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6, 39-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзiрлендi және ауыл, көше тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Ырғыз ауданының ауылдарының, ауылдық округтерінiң аумағындағы ауылдың, көшенің тұрғындарының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындары (бұдан әрi - бөлек жиын), жергiлiктi қоғамдастықтың жиынына қатысу үшiн өкiлдердi сайлау мақсатында шақырылады және өткiзiледi.
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда келесідей ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару - халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет;
Тармақша 2
2) жергiлiктi қоғамдастық - шекараларында жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс iстейтiн тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тұратын тұрғындардың жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жиынтығы;
Тармақша 3
3) жергiлiктi маңызы бар мәселелер - реттелуi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тұрғындарының басым бөлiгiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге байланысты тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қызметiнiң мәселелерi.
Бөлім 2. 2. Жергілікті қоғамдастық жиынның өкілеттіліктері
2. Жергілікті қоғамдастық жиынның өкілеттіліктері
Тармақ 4
4. Бөлек жиынға қатысушылар күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды:
Тармақша 1
1) аудан мәслихатына, ауданның және ауылдық округтердің әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;
Тармақша 3
3) аудан мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау;
Тармақша 4
4) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.
Бөлім 3. 3. Бөлек жиынды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды өткізу тәртібі
Тармақ 5
5. Бөлек жиынды ауылдық округтің әкімі шақырады.
Тиiстi аудан әкiмiнiң жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткiзуге оң шешiмi бар болған жағдайда бөлек жиынды өткiзуге болады.
Тармақ 6
6. Жергiлiктi қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсiлдермен олар өткiзiлетiн күнге дейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей хабардар етiледi.
Тармақ 7
7. Ауыл, көше шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
Тармақ 8
8. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Бөлек жиынды ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
Тармақ 10
10. Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше тұрғындары өкiлдерiнiң кандидатуралары жасы 18-ден асқан, әрекет қабілеттігі бар, сотталмаған, әкімшілік–аумақтық бөлініс шекарасының аумағындағы тұрғылықты тіркелген азаматтардың әр 100 адамнан 1 адам құрамында бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергiлiктi қоғамдастық жиынына қатысу үшiн ауыл, көше тұрғындары өкiлдерiнiң саны тең өкiлдiк ету қағидаты негiзiнде айқындалады.
Тармақ 11
11. Дауыс беру ашық түрде әрбiр кандидатура бойынша дербес жүргiзiледi. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледi.
Тармақ 12
12. Бөлек жиында хаттама жүргiзiледi, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті ауылдық округ әкiмiнiң аппаратына бередi.
Тармақ 13
13. Жергілікті қоғамдастық жиыны оған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастық жиындары өкілдердің қатысуымен өткізілген жағдайда, жергілікті қоғамдастық жиыны оған ауыл, көше тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында сайланған өкілдердің жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Бөлім 4. 4. Жергілікті қоғамдастық жиынынның шешімі
4. Жергілікті қоғамдастық жиынынның шешімі
Тармақ 14
14. Жергілікті қоғамдастық жиынының шешімі, егер оған жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Ауылдық округ әкімі жергілікті қоғамдастық жиынының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, бұл осындай келіспеушілікті туғызған мәселелерді қайтадан талқылау арқылы шешіледі.
Ауылдық округ әкімінің келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан мәслихатының отырысында оны алдын ала талқылағаннан кейін шешеді.
Тармақ 15
15. Жергілікті қоғамдастық жиынында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады.
Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиыны шешімінің қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімі шешім қабылдайды.
Бөлім 5. 5. Қорытынды ереже
5. Қорытынды ереже
Тармақ 16
16. Бөлек жиын өткізу барысында жергілікті қоғамдастықтың мүшелері қоғамдық тәртіпті сақтаулары қажет.