О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1324 «Об утверждении Правил выплат пожизненного ежемесячного материального обеспечения спортсменам и тренерам, установлении их размеров и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы
материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 696-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2014 жылғы
19 желтоқсандағы № 1324
қаулысымен бекітілген
Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды (бұдан әрі – материалдық қамсыздандыру) төлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын әрі дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар мынадай спортшылар мен жаттықтырушыларға:
Тармақша 1
1) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 2-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға төленеді.
Бір спортшыны дайындағаны үшін материалдық қамсыздандыру бір жаттықтырушыға төленеді. Спортшы осы Қағидалардың 2-тармағының
1) тармақшасында көрсетілген белгіленген талаптарды қайталап орындаған жағдайда материалдық қамсыздандыру басқа жаттықтырушыға да төленеді.
Тармақ 3
3. Материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бюджеттік бағдарламалары арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.
Тарау 2. 2-тарау. Спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру төлеуді жүзеге асыру тәртібі
2-тарау. Спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру төлеуді жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 4
4. Материалдық қамсыздандыруды алуға құқығы бар адамдар (бұдан әрі – өтініш берушілер) мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) спортшылар:
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
еңбек кiтапшасы не дене шынықтыру және спорт саласындағы жиырма жыл еңбек өтілін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі;
Тармақша 2
2) жаттықтырушылар:
осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
еңбек кiтапшасы не жаттықтырушылық жұмысының жиырма жылдық өтілін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:
тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;
еңбек шартын жасау және тоқтау негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;
қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;
жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;
Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда – Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінен немесе спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік аккредиттелген спорт федерациясынан) анықтама;
өзі жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі.
Тармақ 5
5. Ұсынылған құжаттарды қарау мерзімі – өтініш берілген сәттен бастап он жұмыс күні.
Тармақ 6
6. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімдерде материалдық қамсыздандыруды төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы өтініш берушілерге жазбаша түрде хабарлайды.
Тармақ 7
7. Материалдық қамсыздандыруды төлеу өтініш берушілердің Қазақстан Республикасының шегінде екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына материалдық қамсыздандыруды аудару жолымен жүргізіледі.
Басқа 2
Спортшылар мен жаттықтырушыларға
өмір бойы ай сайынғы материалдық
қамсыздандыруды төлеу қағидаларына
қосымша
Нысан
Кімге ______________________________________
(дене шынықтыру және спорт саласындағы
___________________________________________
уәкілетті орган басшысының лауазымы,
___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
кімнен _____________________________________
(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________
мекенжайы бойынша тұратын
өтініш берушінің ЖСН_______________________
Маған
_______________________________________________________________________________________
(себебі көрсетіледі)
_______________________________________________________________________________________
байланысты өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуді сұраймын.
Маған тиесілі соманы
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
(банктің аты, банктің есептік шоты, өтініш берушінің жеке шотының нөмірі көрсетіледі)
_____________________________________________________________________ аударуды сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1._________________________________________________________________________________
2. _________________________________________________________________________________
3.__________________________________________________________________________________
4.__________________________________________________________________________________
5.__________________________________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы ______________________________