О внесении изменения в решение маслихата от 19 февраля 2014 года № 163 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Жамбылского сельского округа Костанайского района Костанайской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы № 163 «Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы № 163 «Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4530 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде «Арна» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген, Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидасында: 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Жамбыл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қостанай аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қостанай облысы Қостанай ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі ___________________ С. Касымова «14» наурыз 2017 жыл