О внесении изменений и дополнения в решение Бурлинского районного маслихата от 19 декабря 2014 года № 23-4 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану» Күшін жойған
Басқа 0
Бөрлі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №23-4 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бөрлі аудандық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №23-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3728 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 1
«1. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері
Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі аудандық мәслихаты
2022 жылғы 24 қарашадағы
№ 23-18 шешіміне қосымша
Бөрлі аудандық мәслихатының
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№23 - 4 шешіміне қосымша
Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды
жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері
Тармақ 1
1. Осы мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 «Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (әрі қарай – шығындарды өтеу Қағидалары) сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) «Бөрлі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (толық мемлекеттің қамтамасыз етуіндегі мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата - ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) үйде оқытылатын мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне отбасының табысына қарамастан беріледі.
Тармақ 4
4. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қалалық психологиялық – медициналық - педагогикалық консультациясының қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы, мүгедектігі бар баланы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберу немесе басқа төлемдердің сомасы белгіленген басқа өңірге тұрақты тұруға көшу) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 6
6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар шығындарды өтеу Қағидаларының 3 - қосымшасына сәйкес ұсынылады, бұл ретте жеке басын сәйкестендіру үшін қандастармен жеке басын куәландыратын құжаттың орнына қандас куәлігі ұсынылады.
Тармақ 7
7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке тең.
Тармақ 8
8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алудан бас тарту негіздері Қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.