О внесении изменений в приказ и.о. Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 622 «Об утверждении Правил осуществления контроля за поведением лиц, освобожденных условно-досрочно от отбывания наказания» и в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 1095 «Об утверждении Правил организации деятельности участковых инспекторов полиции, ответственных за организацию работы участкового пункта полиции, участковых инспекторов полиции и их по Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығына және «Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жазаның өтелмеген бөлігін өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын 1. «Жазаның өтелмеген бөлігін өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі м.а. 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 622 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9839 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыру қағидаларында: 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «13. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдар жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Заңының қолданылу аясында жататын адамдар санатына ауыстырылады және олар бойынша соттылығы өтелгенге немесе алып тасталғанға дейін профилактикалық есеп пен бақылау жүзеге асырылады. 16-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның облыстан (Қазақстан Республикадан) тыс жаңа тұрғылықты жерге көшкен, қайта қылмыс жасағаны үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы күшін жойған, жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі өткен және ол қайтыс болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде АДБ-ға қажетті түзету енгізу үшін ААО-ға хабарлама жолданады».
Тармақ 2
2. «Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторларының және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13004 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттерінің бастықтары ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделуін қамтамасыз етсін»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, полиция учаскелік инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында (бұдан әрі-Қағидалар): 17-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік учаскеде тұрақты тұратын және уақытша болатын шетел азаматтарының»; Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
министрдің м.а. 2026 жылғы 7 шілдедегі № 481 бұйрығына 1 - қосымша Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 1-қосымша № _______ әкімшілік учаскенің паспорты ___________________________________________________________________ (ішкі істер органының атауы) Басталды: 20___ жылғы «___» __________ Аяқталды: 20___ жылғы «___» __________ Сақтау мерзімі: _______ Мұқабасының сыртқы бетіне жазылады Әкімшілік учаске паспорты Мазмұны 1. Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру туралы мәліметтер. 2. Учаске жоспары (кірістірме). 3. Учаскені сипаттайтын мәліметтер. 4. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, банктер, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары, емдеу-сауықтыру, мәдени-ағартушылық және оқу орындары, пәтер иелерінің кооперативтері, мейрамханалар, кафелер, базарлар, қоймалар және сауда-саттық пен тамақтанудың басқа да объектілері. 5. Жатақханалар, қонақүйлер. 6. Рұқсат беру жүйесі объектілерінің тізімі (атыс қаруы, оқ-дәрі, жарылғыш заттары бар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер). Ескерту: әкімшілік учаскенің паспортындағы мәліметтер 1 қаңтардағы жағдай бойынша жаңартылады. 1. Әкімшілік учаскені қабылдау және тапсыру туралы мәліметтер № р/н. Учаскелік полиция инспекторының атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) Учаскені қабылдау күні, қолы Учаскені тапсыру күні, қолы Учаскені қабылдауға қатысқан басшының лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (болған жағдайда) Қабылдап немесе тапсырған ІІО басшысының ескертулері мен ұсыныстары 1 2 3 4 5 6 2. Әкімшілік учаскенің жоспары (кірістірме) Әкімшілік учаскенің жоспарында бағыттар, әкімшілік учаскеде қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын күш пен құралдарды орналастыру көрсетіледі. 3. Әкімшілік учаскені сипаттайтын мәліметтер № р/н Атауы жағдайы бойынша: 20___ ж 01.01. 20___ ж. 01.01. 20___ж. 01.01. 20__ ж. 01.01. 1 Аумағы (кв. км.) 2 Тұрғын жайлар (барлығы) Соның ішінде: Көпқабатты үйлер Олардағы пәтерлер Жатақханалар ондағы бөлмелер жеке үйлер ондағы пәтерлер саяжай алқаптары олардағы саяжайлар 3 Барлығы тұратын тұрғын халқы, Соның ішінде: - ересектер - балалар - шетелдік азаматтар 4 Аумақта орналасқан: - кәсіпорындар, мекемелер - акционерлік қоғамдар - шаруа қожалықтары - денсаулық сақтау мекемелері - мейрамханалар, дәмханалар, дүкендер, базарлар, қоймалар - ақша айырбастау пункттері - банктер - пошта бөлімдері - оқу орындары - автотұрақтар, гараж кооперативтері - жұртшылықтың мәдени демалыс орындары - спорттық кешендер 5 Барлығы аумақта орналасқан діни бірлестіктер, соның ішінде: Мешіттер Шіркеулер рухани оқу орындары 4. Кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, банктер, акционерлік қоғамдар, шаруа қожалықтары, емдеу-сауықтыру, мәдени-ағартушылық және оқу орындары, пәтер иелерінің кооперативтері, мейрамханалар, дәмханалар, базарлар, қоймалар және сауда-саттық пен тамақтанудың басқа да объектілері № р/н. ата­уы Мен­шік ны­са­ны Ме­кен­жайы Бас­шы­ның, кү­зет ба­стығ­ы­ның Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да), қыз­мет­тік және үй те­ле­фо­ны, тұ­ра­тын ме­кен­жайы (қа­рын­да­шпен тол­ты­ры­ла­ды) Жұ­мыс ре­жи­мі Кү­зет тү­рі, кү­зет, өрт даб­ы­лы­ның бо­луы Бей­не­ба­қы­лау жүй­е­сі­нің ор­на­ты­луы Ес­кер­ту (жұ­мыс­шы­лар са­ны, ав­то­кө­лік­тің және бас­қа­сы­ның бо­луы) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 5. Жатақханалар, қонақүйлер № р/н. Ата­уы Ме­кен­жайы Жа­тақ­ха­на, қо­нақ үй бас­шы­сы­ның, ко­мен­дант, вах­тер­дың Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да), қыз­мет­тік және үй те­ле­фо­ны, ме­кен­жайы, (қа­рын­да­шпен тол­ты­ры­ла­ды) Өт­кі­зу ре­жи­мі­нің тү­рі (ер­лер, әй­ел­дер, от­ба­сы­лық, ара­лас), оның бо­луы 1 2 3 4 5 6. Рұқсат беру жүйесінің тізімі (атыс қаруы, оқ дәрілер, жарылғыш заттар және т.б. бар кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер) № р/н. Кә­сі­по­рын, ме­ке­ме, ұй­ым ата­уы, ве­дом­ство­лық ти­іс­ті­лі­гі (ми­ни­стр­лік, ве­дом­ство және ме­кен­жайы) Мен­шік ны­са­ны Ме­кен­жайы Объ­ект үшін жа­у­ап­ты адам­ның Т.А.Ә. (болған жағ­дай­да), оның қыз­мет­тік және үй те­ле­фон­да­ры, тұ­ра­тын ме­кен­жайы (қа­рын­да­шпен тол­ты­ры­ла­ды) Өт­кі­зу жүй­е­сі­нің (пунк­ті­нің) жұ­мыс ре­жи­мі Кү­зет тү­рі
Басқа 2
министрдің м.а. 2026 жылғы 7 шілдедегі № 481 бұйрығына 1-қосымша Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторлары және олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 4-қосымша Әкімшілік учаскеде тұрақты тұратын және уақытша болатын шетел азаматтарының тізімі № р/н. Т.А.Ә. (болған жағдайда) азаматтығы Паспорттың №, жарамдылық мерзімі Бұл аймақта тұруға рұқсат берілген мерзімі Уақытша тұрғылықты жері, үй телефоны Жұмыс, оқу орны, лауазымы, қызмет.тел (бар болған жағдайда) Тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру күні туралы белгі 1 2 3 4 5 6 7 Учаскелік инспектор __________________________________________