О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 «Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде: 15-тармақта: 125) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «125) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас және өңірлік схемаларын дайындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 125-1) тармақшамен толықтырылсын: «125-1) Қазақстан Республикасын газдандырудың өңірлік схемаларын келіседі;»; 126) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «126) Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын әзірлейді және бекітеді әрі оның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады;»; 265) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «265) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 290-16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «290-16) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесін қалыптастыру, жүргізу және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 467-24), 467-25) және 467-26) тармақшалармен толықтырылсын: «467-24) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын айқындайды; 467-25) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тәртіпті белгілейді; 467-26) отын-энергетика кешені саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындайды;».
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.