О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 декабря 2015 года № 1040 «Об утверждении форм и образцов государственных регистрационных номерных знаков» Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1040 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің нысандары мен үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1040 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12892 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 55) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің нысандары мен үлгілерінде (бұдан әрі – нысандар мен үлгілер): 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «29. 1Д-үлгі (27-сурет) – шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған «F» сериялы алдыңғы және артқы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.»; 31- тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «31. 3Д-үлгі (29-сурет) - Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген шетел азаматтарына қатысатын заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың мотокөлік құралдарына арналған «Н», «F», «G», «I», «J» және «K» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі.»; 36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «36. 5Д-үлгі (34-сурет) – Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған «Н», «F», «G», «I», «J» және «K» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері. 37. 5ДА-үлгі (35-сурет) - бекіту орны 5Г-үлгісіндегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің габариттеріне сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасында тіркелген, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың көлік құралдарына тіркемелер мен жартылай тіркемелерге арналған «Н», «F», «G», «I», «J» және «K» сериялы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері.»; нысандар мен үлгілерге қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде қолданылатын цифрлық кодтар тізбесі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетің атқарушы 2026 жылғы 9 шілдедегі № 484 Бұйрыққа қосымша Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің нысандары мен үлгілеріне қосымша Қазақстан Республикасының облыстары мен қалаларының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінде қолданылатын цифрлық кодтар тізбесі р/с Өңірдің атауы код 1. Астана қаласы 01 2. Алматы қаласы 02 3. Ақмола облысы 03 4. Ақтөбе облысы 04 5. Алматы облысы 05 6. Атырау облысы 06 7. Батыс Қазақстан облысы 07 8. Жамбыл облысы 08 9. Қарағанды облысы 09 10. Қостанай облысы 10 11. Қызылорда облысы 11 12. Маңғыстау облысы 12 13. Түркістан облысы 13 14. Павлодар облысы 14 15. Солтүстік Қазақстан облысы 15 16. Шығыс Қазақстан облысы 16 17. Шымкент қаласы 17 18. Абай облысы 18 19. Жетісу облысы 19 20. Ұлытау облысы 20