О внесении изменения в постановление акимата Акмолинской области от 19 октября 2015 года № А-10/466 «Об определении критериев по выбору видов отчуждения областного коммунального имущества» Күшін жойған
Басқа 0
«Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/466 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Ақмола облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/466 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5075 болып тіркелген, «Акмолинская правда» және «Арқа ажары» газеттерінде 2015 жылғы 5 желтоқсанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Ақмола облысы әкімдігінің
2016 жылғы 28 наурыздағы
№ А-5/133 қаулысына қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 19 қазандағы
№ А-10/466
қаулысына қосымша
Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру
түрлерін таңдау бойынша
өлшемдер
№ р/б
Өлшемдердің атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса
Аукцион түріндегі жекешелендіру
2
Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса
Тендер түріндегі жекешелендіру