О внесении изменений в постановление акимата города Астаны от 19 июня 2015 года № 106-1029 «О наблюдательных советах в государственных коммунальных предприятиях на праве хозяйственного ведения в сфере здравоохранения» Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына өзігерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 148-бабына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардағы байқау кеңестері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 91709 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдедегі «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда көрсетілген қаулыда: кіріспесінде, барлық мәтіні бойынша және көрсетілген қаулыға қосымшаларда «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын; 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) байқау кеңестерінің мүшелеріне кандидаттарды конкурстық іріктеуді (бұдан әрі – конкурстар) жүргізуді; 2) конкурстарды өткізу шарттарын, уақытын және орнын белгілеуді; 3) конкурстық комиссияны құруды; 4) осы қаулыны, кейін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жарияланумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.»; жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тізімі (1-қосымша) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы байқау кеңесі туралы ережеде (2-қосымша): 14-тармақтағы «Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздер «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 4
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тізімі
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 106-911 қаулысына қосымша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 106-1029 қаулысына 1-қосымша Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тізімі
Тармақ 1
1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 2
2. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 3
3. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 4
4. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 4 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 5
5. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№ 5 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 6
6. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 6 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 7
7. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 7 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 8
8. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 8 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 9
9. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 9 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 10
10. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 10 Қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 11
11. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 11 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 12
12. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 12 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 13
13. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 13 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 14
14. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 14 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 15
15. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 15 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 16
16. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Достық» алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 17
17. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 18
18. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 19
19. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 көпбейінді қалалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 20
20. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 21
21. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 22
22. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 23
23. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық фтизиопульмонологиялық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 24
24. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 25
25. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көпсалалы медицина орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 26
26. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Тармақ 27
27. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.