О внесении изменений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 «Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)» и от 20 ноября 2015 года № 707 «Об утверждении Правил определения стоимости строительства объектов за счет государственных инвестиций и средств субъектов квазигосударственного сектора» Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» және 2015 жылғы 20 қарашадағы
№ 707 «Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:
10-тармақтың 12) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«12) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға енгізуге арналған жиынтық сметада жобалау-сметалық құжаттамада көрсетуге жатпайтын, құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге қажетті қаражат көлемін айқындайды.».
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі