Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 «Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)»

Бұйрық · № 470 · қабылданған 02.07.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/19-2015-no-229-ekb-133001/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 «Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)» Қолданыста Бұйрық ·№ 470 ·02.07.2019
02.07.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 «Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)»

Қолданыста Бұйрық ·№ 470 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 «Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)»
Атауы (қаз.)
«Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
470
Қабылданған күні
02.07.2019
Көрсетілген редакция
02.07.2019 133001_413807.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018967
ЭКБ идентификаторы
133001
Редакция идентификаторы
133001_413807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:16

0 «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795 болып тіркелген, 2015 жылы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:
11-тармақтың 18) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) ұсыныстарды қарайды және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеушімен келісе отырып, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға түбегейлі емес, объектінің конструктивтік схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық немесе технологиялық жобалық шешімдеріне, бекітілген техникалық-экономикалық көрсеткіштерін қозғамайтын өзгерістерді енгізу бойынша шешім қабылдайды, оларды кейіннен ресімдеп, сақтауға тапсырады;»;
12-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңнамалық актілерде немесе шартта белгіленген мерзімдерде және тәртіпте нақты орындалған жұмыстарды қабылдауды және оларға ақы төлеуді қамтамасыз етеді.
Мердiгердiң нақты шығыстары бағаны белгiлеу (сметаны және құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын тасымалдау сызбасын жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, тапсырыс беруші, жобалау-сметалық құжаттаманы мердігердің өзi жасаған және/немесе оның тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, шартта көзделген баға бойынша орындалған жұмыс үшін төлем жүргізеді.
Егер тапсырыс берушінің объектілерінде бірнеше әртүрлі қаржыландыру көздері болса, шығыстар сметасы әрбір инвестордың қаржыландыру көлеміне сәйкес қаражат шығысының пропорциясын сақтай отырып, әрбір инвестормен келісіледі.»;
3-1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы