О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 19 марта 2015 года № 33/5 «Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының
2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 «Солтүстік Қазақстан облысы елді
мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 шешіміне (2015 жылғы 5 мамырда «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3232 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Қағидалардың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, тасымалдауды, уақытша ұстауды және жоюды облыстың жергілікті атқарушы органы құрған ветеринария саласындағы қызметтерді жүзеге асырушы мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (аудандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық станциялары) (бұдан әрі - Ұйым) жүзеге асырады».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.