О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2015 года № 701 «Об утверждении Правил формирования и ведения архитектурных, градостроительных и строительных каталогов» Күшін жойған
Басқа 0
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 701 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12423 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс каталогтарын қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. СҚҚК қалыптастыру, бекіту және жүргізу тәртібі»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Шығарылатын конструкциялар, бұйымдар және құрылыс материалдары бойынша, сондай-ақ құрылыс өнімдерін өндірістен алып тастау туралы ақпаратты ұйымдар уәкілетті органның ведомствосына СҚҚК-3-ке тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін жібереді.
Шығарылатын құрылыс өнімдері туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10779 болып тіркелген) Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесіне (ВЖЖҮӘ) сәйкес әзірленген құрылыс ресурстарының жіктеуішінен алынған өнім кодын, оның атауын, стандартын және өлшем бірлігін қамтиды.»;
көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
Негізгі бөлімнің нысаны СҚҚК-3 – Құрылыс конструкциялары, бұйымдары мен құрылыс материалдарының тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:
«
Өнімнің
коды
Атауы
Стандарт
Өлшем бірлігі
».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.