О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 ноября 2015 года № 705 «Об утверждении Правил формирования Единого государственного электронного банка предпроектной и проектной (проектно-сметной) документации на строительство объектов, финансируемых за счет государственных инвестиций и средств субъектов квазигосударственного сектора» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12422 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 678 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 705 бұйрығымен бекітілген Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6-4) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар мыналарды: құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін (бұдан әрі – Мемлекеттік банк) қалыптастыру және жүргізу тәртібі; Мемлекеттік банктен техникалық-экономикалық негіздемелерді (бұдан әрі – ТЭН), үлгілік жобаларды (бұдан әрі – ҮЖ) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) ұсыну тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) автор – жеке тұлға, сәулет туындысының авторы немесе шарт немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіз бойынша сәулет туындысын (қызметтік туындыны) пайдалануға айрықша құқық алған заңды тұлға;
Тармақша 2
2) аккредиттелген сараптама ұйымы – сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген, объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасымен мемлекеттік монополияға жатқызылмаған ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 3
3) жеке инвестициялар – ТЭН және ЖСҚ әзірлеуге бағытталған жеке немесе заңды тұлғалардың мемлекеттік емес қаржы қаражаты;
Тармақша 4
4) клиент – электрондық архивте бар ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ алуға Мемлекеттік банкке жүгінген жеке және заңды тұлға;
Тармақша 5
5) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкі – ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған жаңа объектілерді салуға ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ электрондық архиві;
Тармақша 6
6) Мемлекеттік банктің операторы – Мемлекеттік банкті қалыптастыруды және жүргізуді, сондай-ақ Мемлекеттік банктен ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ беруді жүзеге асыратын мемлекеттік сараптама ұйымы;
Тармақша 7
7) мемлекеттік сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған және мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті жүзеге асыратын, объектілердің құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу, құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобалар мен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну жөніндегі заңды тұлға;
Тармақша 8
8) тапсырыс беруші – жобаның (бағдарламаның) инвесторы ретінде әрекет ететін жеке немесе заңды тұлға, құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткен ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ бойынша меншік иесі не олардың уәкілетті тұлғалары;
Тармақша 9
9) электрондық архив – ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ электрондық құжаттарының жиынтығы;
Тармақша 10
10) электрондық тізілім – ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ каталогы.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік банкті қалыптастыру мен жүргізудің мақсаты клиенттерге электрондық архивте бар ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ ұсыну болып табылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік банк қызметінің негізгі бағыттары: электрондық тізілімді қалыптастыру, жүргізу және жалпы қолжетімділігін қамтамасыз ету; ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ үнемі жаңартылып отыратын және толтырылатын электрондық архивін қалыптастыру және жүргізу; ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ ұсыну болып табылады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік банктің клиенттері, тапсырыс берушілері, жоба авторы мен операторының өзара қарым-қатынасы «бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыруға арналған бірыңғай портал (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
2-тарау. Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру және жүргізу тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Мемлекеттік банкке енгізілетін техникалық-экономикалық негіздемелер, үлгілік жобалар және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамалары
1-параграф. Мемлекеттік банкке енгізілетін техникалық-экономикалық негіздемелер, үлгілік жобалар және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамалары
Тармақ 7
7. Электрондық архивте мыналар сақталуы тиіс: ТЭН; үлгілік жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы; объектілердің жаңа құрылысы үшін ЖСҚ. Ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін жекелеген объектілерді салуға арналған жобалау-сметалық құжаттаманы сараптамалық сүйемелдеу режимінде немесе кезең-кезеңімен әзірлеудің жеке жоспары бойынша құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу және келісу кезінде Мемлекеттік банкке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес құжаттар ведомстводан тыс кешенді сараптаманың жиынтық қорытындысы берілгеннен кейін беріледі.
Тармақ 8
8. Электрондық архивте мыналар сақталуға жатпайды:
Тармақша 1
1) құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптаманың теріс қорытындысын алған жобалар;
Тармақша 2
2) құпиялылық белгісі бар немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ;
Тармақша 3
3) инвестициялардың негіздемелері;
Тармақша 4
4) мыналар: қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру немесе күрделі жөндеу; құрылысы тоқтатыла тұрған басталған, бірақ аяқталмаған объектілерді консервациялау (консервациядан алу); құрылысы аяқталмаған бөлшектенетін объектілерді не өз ресурсын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату; тарих және мәдениет ескерткіштеріне заңнамалық түрде жатқызылған объектілерді реставрациялау; құрылыс компонентін қамтымайтын өзге де жобалар.
Тармақ 9
9. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген, мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен әзірленген және ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ электрондық архивте сақтау үшін қосуға жатады.
Тармақ 10
10. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген, жеке инвестициялар есебінен қаржыландырылатын жобалар жобаға тапсырыс берушінің шешімі бойынша электрондық архивке тапсырылуға жатады. Бұл ретте, ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап, 3 (үш) жылдан аспайтын мерзім өтуі тиіс.
Тармақ 2. 2-параграф. Мемлекеттік банкке енгізілетін техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қабылдау және тіркеу және электрондық тізілімді жүргізу тәртібі
2-параграф. Мемлекеттік банкке енгізілетін техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қабылдау және тіркеу және электрондық тізілімді жүргізу тәртібі
Тармақ 11
11. ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ тапсырыс беруші ұсынған, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алған жобаларға авторлық құқықтарды реттеуге байланысты электрондық тізілімге және электрондық архивке енгізіледі.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жобалар бойынша «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді мерзімсіз және өтеусіз негізде жүзеге асыруға белгісіз және шектелмеген адамдар тобына рұқсат ететін мүліктік құқықтарды тапсырыс берушілер жобалардың авторларымен мұндай жобаларды әзірлеуге шарттар жасасу кезінде жазбаша түрде реттейді. Тапсырыс беруші Портал арқылы Заңның 16-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген құқықтарды регламенттейтін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авторлық шарт жобасына автордың қол қоюын қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген авторлық шарт жасалған ТЭН-ге, ҮЖ-ге және ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы берілгеннен кейін құжаттардың электрондық нұсқасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде электрондық архивке және электрондық тізілімге енгізу үшін Портал арқылы жіберіледі. Егер ведомстводан тыс кешенді сараптама процесінде авторлық шартқа қол қойылмаған жағдайда, ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ электрондық архивке енгізілмейді, бірақ жобаның деректері (атауы, қуаты, тапсырыс беруші, бас жобалаушы, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының нөмірі мен күні) «Жоба авторымен келісу жоқ» деген белгімен электрондық тізілімге енгізіледі.
Тармақ 14
14. 10-тармақта көрсетілген жобалар Тапсырыс берушінің шешімі бойынша электрондық тізілімге және электрондық архивке:
Тармақша 1
1) тапсырыс берушінің өтініші;
Тармақша 2
2) портал операторы, жобаға тапсырыс беруші және жоба авторы (бас жобалаушы) арасында Портал арқылы 2-қосымшаға сәйкес жасалған шарт негізінде енгізіледі.
Тармақ 15
15. Ұсынылатын құжаттардың құрамы мен жинақтылығы электрондық архивке енгізу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген. Мемлекеттік және (немесе) аккредиттелген сараптама ұйымдары құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының қорытындысын бергенге дейін осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ жиынтығының электрондық нұсқасын олардың түпкілікті редакциясында қалыптастырады. ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ жобаның тиісті бөлімдеріне немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған олардың түпкілікті редакциясында Мемлекеттік банкке енгізілуге жатады.
Тарау 3. 3-тарау. Мемлекеттік банктен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру тәртібі
3-тарау. Мемлекеттік банктен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын беру тәртібі
Тармақ 16
16. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ интернет ресурстың барлық пайдаланушылары үшін жалпыға қолжетімді болып табылатын электрондық тізілімде көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Электрондық архивте сақталатын ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ нобайлық жобаларына қол жеткізу немесе ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ тапсыру үшін клиент Порталда пайдаланушы ретінде тіркеліп, Мемлекеттік банк операторы бекіткен ТЭН-мен, ҮЖ-мен және ЖСҚ-мен жұмыс тәртібі туралы келісімге қол қоюы қажет.
Тармақ 18
18. ТЭН-мен, ҮЖ-мен және ЖСҚ-мен жұмыс істеу тәртібі туралы келісім тіркегеннен және оған қол қойылғаннан кейін клиентке жеке кабинетте «Жоба авторымен келісу жоқ» деген белгісі бар ТЭН-ді, ҮЖ-ны және ЖСҚ-ны қоспағанда, электрондық тізілімде тұрған жобалар бойынша нобайлық жобаларға қолжетімділік ашылады.
Тармақ 19
19. Электрондық архивте сақталатын ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ жиынтығын алу үшін клиент өтініш беруі қажет, ол ЭЦҚ-мен куәландырылады және Порталдағы жеке кабинет арқылы жіберіледі. Өтініште электрондық тізілімдегі жобаның сатып алу мақсаты көрсетіледі. Электрондық архивте сақталатын ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ жиынтығын беру клиенттен өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Егер өтініште электрондық архивтегі тізілімдегі жобаның атауы мен сатып алу мақсаты көрсетілмесе, клиентке қол жеткізуден бас тартылады.
Тармақ 20
20. «Жоба авторымен келісу жоқ» деген белгімен ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ таңдаған жағдайда клиент: ЭЦҚ-мен куәландырылатын және Порталдағы жеке кабинет арқылы Мемлекеттік банк операторына жіберілетін ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ алуға өтініш; ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авторлық шартқа қол қоюға өтінім жібереді, ол ЭЦҚ-мен куәландырылады және тапсырыс берушіге Порталдағы жеке кабинет арқылы жіберіледі. ТЭН, ҮЖ немесе ЖСҚ алуға арналған өтініште электрондық тізілімдегі жобаның сатып алу мақсаты көрсетіледі. Егер өтініште электрондық тізілімдегі жобаның сатып алу мақсаты көрсетілмесе, клиентке оны беруден бас тартылады.
Тармақ 21
21. Клиент тек қана бір ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ бойынша құжаттаманы ұсыну туралы өтінішті жолдайды. Қайтадан өтінішті клиент тек алдыңғы сұрақ бойынша жауап пысықталған және портал операторынан жауап алынғаннан кейін ғана жіберіледі.
Тармақ 22
22. Егер Мемлекеттік банк операторы, тапсырыс беруші мен жобаның авторы авторлық шартқа қол қоятын болса, онда Мемлекеттік банк операторы клиентті хабардар етеді және авторлық шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беруді жүзеге асырады. Электрондық тізілімде «Жоба авторымен келісу жоқ» деген белгі алынып тасталады және жоба электрондық архивке қайта жіберіледі.
Тармақ 23
23. Егер тапсырыс беруші және жобаның авторы 10 (он) жұмыс күні ішінде авторлық шартқа қол қоймаса, Мемлекеттік банк операторы 3 (үш) жұмыс күні ішінде клиентке ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ ұсынудың мүмкін еместігі туралы хабарлайды.
Тармақ 24
24. Клиент сұраған ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ материалдарын беру оның Порталдағы жеке кабинеті арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік банк операторы жарты жылда кемінде бір рет осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тапсырыс беруші мен жоба авторы арасындағы авторлық шартқа қол қоюға «Жоба авторымен келісу жоқ» деген белгісі бар электрондық тізілімдегі жобаларға тапсырыс берушілерге өтінім жібереді.
Тармақ 26
26. Мемлекеттік банктен клиенттерге, мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне ТЭН-ді, ҮЖ-ны және ЖСҚ-ны беру өтеусіз негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекемелер және квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын клиенттерге мемлекеттік банк операторының құрылыс жобалары әрбір жобаны бөлек сатып алуға арналып жасалған шартқа сәйкес «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 63-1-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын мөлшерде ақылы негізде беріледі.
Тармақ 27
27. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жобалар бойынша жобаның авторы Заңның 16-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді мерзімсіз және өтеусіз негізде жүзеге асыруға рұқсат беретін құқықтарды берген жағдайда, жобаның авторы электрондық архивте орналасқан ТЭН-ді, ҮЖ-ны және ЖСҚ-ны Мемлекеттік банкке өтеусіз негізде берілген құрылыс жобаларының санына тең алу құқығына ие болады.
Тармақ 28
28. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген жобаларды электрондық архивке енгізу үшін жіберген клиенттер Мемлекеттік банктен жасалған шартқа сәйкес Мемлекеттік банкке берілген құрылыс жобаларының санына тең құрылыс жобаларын ала алады.
Тармақ 29
29. Электрондық архивтегі ТЭН-ді, ҮЖ-ны және ЖСҚ-ны тапсыру және сатып алу шарттары Портал арқылы электрондық-цифрлық нысанда жасалады, тараптардың уәкілетті өкілдерімен олардың ЭЦҚ-сымен шартқа қол қойылады. Жоғарыда көрсетілген шарттар жария болып табылады және Мемлекеттік банктің операторы клиентпен немесе тапсырыс берушімен жасасады.
Тарау 4. 4-тарау. Қорытынды ережелер
4-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 30
30. Мемлекеттік банктен сатып алынған ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ пайдаланылған жағдайда, тиісті ақпарат әзірленген жаңа ТЭН және ЖСҚ кешенді ведомстводан тыс сараптамаға берген кезде көрсетіледі. Клиент берілген құжаттаманы ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ алу туралы өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес пайдаланады.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік банктен құрылыс жобасын алғаннан кейін ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ тапсырыс берушінің шешіміне сәйкес түзетуге, сондай-ақ қолданыстағы мемлекеттік нормалар мен талаптарға сәйкес келтіруге жатады.
Тармақ 32
32. Үлгілік жобалау құжаттамасын қоспағанда, ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін 3 (үш) жыл өткен соң Мемлекеттік банктен алып тастауға жатады.
Тармақ 33
33. Мемлекеттік банктің операторы Мемлекеттік банктен берілген ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ мақсатсыз пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырмайды.
Басқа 1. Электрондық архивке енгізу үшін ұсынылатын құжаттардың құрамы мен жинақтылығы
Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидаларына 1-қосымша Электрондық архивке енгізу үшін ұсынылатын құжаттардың құрамы мен жинақтылығы Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жаңа объектілердің құрылыс жобалары бойынша электрондық архивке енгізу үшін «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 4-тармағына және 63-бабының 1-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну қажет:
Тармақша 1
1) ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы.
Тармақша 2
2) жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу үшін ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ әзірлеу үшін негіз болып табылатын бастапқы құжаттар, атап айтқанда: тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма (ТЭН, ҮЖ және ЖСҚ әзірлеу); сәулет, қала құрылысы және құрылыс органдарымен келісілген нобайлық жоба.
Тармақша 3
3) жобаның тиісті бөлімдеріне немесе бөліктеріне жауапты сарапшылардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілген және сараптаманың оң қорытындысын алған бөлімдер бойынша құжаттама. Сметалық бөлігі болған жағдайда: тапсырыс беруші бекіткен, прайс-парақтар бойынша жобада қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың, инженерлік және технологиялық жабдықтардың, өзге де материалдық ресурстардың тізбесі, олар қоса беріледі және олардың бір өлшем бірлігі үшін бағасы көрсетіледі; Порталда электрондық-цифрлық нысанда, ЖСҚ құрамында жасалған, қазақстандық қамтуды ескере отырып, негізгі құрылыс материалдары, бұйымдары, конструкциялары мен жабдықтары қажеттілігінің жиынтық ведомосі.
Басқа 2
Құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну қағидаларына 2-қосымша Кез келген түрде және кез келген тәсілмен пайдалануға мүліктік (айрықша) құқықтарды беру туралы авторлық шарт « » қ. « » [күні] ж. Бұдан әрі «Автор» деп аталатын [тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)], бір тараптан [керегін жазу] негізінде әрекет ететін [тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)] атынан [керегін жазу], бір тараптан [кәсіпорынның атауы] бұдан әрі «Мемлекеттік банк операторы» деп аталатын, екінші тараптан [керегін жазу] негізінде әрекет ететін [лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)] атынан және [тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) немесе кәсіпорынның атауы] бұдан әрі «Тапсырыс беруші» деп аталатын атынан [лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)], негізінде әрекет ететін үшінші тараптан төмендегілер туралы осы шартты жасасты:
Тарау 1. 1. Шарттың мәні
1. Шарттың мәні
Тармақ 1.1
1.1. Осы Қағидаларға сәйкес Мемлекеттік банкте орналастыру мақсатында Автор және Тапсырыс беруші осы шартпен Мемлекеттік банктің операторына «_____» туындысын (бұдан әрі – Туынды) ұсынады.
Тармақ 1.2
1.2. Автор Мемлекеттік банк операторына Туындыны белгісіз адамдар тобының кез келген нысанда және кез келген тәсілмен мынадай шарттарда пайдалануына мүліктік (айрықша) құқықтар береді: Туындыны пайдалануға мүліктік (айрықша) құқықтарды беру мерзімі – мерзімсіз. Авторға төленетін сыйақы ақысыз. Туындыны пайдалану құқығы берілетін адамдар тобы шектелмейді. Осы шартта Туындыны пайдалану деп Заңның 16-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген әрекеттерді туындыға қатысты адамдардың белгісіз және шектеусіз тобына жүзеге асыруға рұқсат ету түсініледі.
Тармақ 1.2
1.2. Автор осы шарт бойынша ұсынылатын туындыға авторлық құқықтарының болуына кепілдік береді.
Тарау 2. 2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 2.1
2.1. Осы шарт бойынша Автор айқындалмаған және шектелмеген адамдар тобына туындыға қатысты Заңның 16-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат береді.
Тармақ 2.3
2.3. Мемлекеттік банк операторының Заңның 16-бабының 2 және 4-тармақтарында белгіленген кез келген іс-қимылды жүзеге асыру арқылы объектіні салу мақсаттары үшін қайта шығару (құрылыста қайта қолдану), қайта жасау/қайта өңдеу (түзету) үшін айқындалмаған және шектелмеген адамдар тобына туынды беруге құқығы бар.
Тармақ 2.4
2.4. Автор Заңның 16-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген іс-әрекеттерді мерзімсіз және өтеусіз негізде жүзеге асыруға рұқсат беретін құқықтарды берген жағдайда, Автор электрондық архивтегі ТЭН-ді, ҮЖ-ны және ЖСҚ-ны өтеусіз негізде Мемлекеттік банкке берілген құрылыс жобаларының санына тең алуға құқылы.
Тармақ 2.5
2.5. Осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес жобаларды ұсынған Тапсырыс берушілер Мемлекеттік банкке өтеусіз негізде ұсынылған құрылыс жобаларының санына тең электрондық архивтегі жобаларды алу құқығына ие болады.
Тарау 3. 3. Дауларды шешу
3. Дауларды шешу
Тармақ 3.1
3.1. Осы шарттың мәтінінде өз шешімін таппаған мәселелер бойынша тараптар арасында туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктер қолданылып жүрген заңдар мен іскерлік айналымның әдет-ғұрыптары негізінде келіссөздер жолымен шешілетін болады.
Тармақ 3.2
3.2. Келіссөздер процесінде даулы мәселелер реттелмеген жағдайда, даулар қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен сотта шешіледі.
Тарау 4. 4. Шарттың қорытынды ережелері
4. Шарттың қорытынды ережелері
Тармақ 4.1
4.1. Осы шарт жасалған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.
Тармақ 4.2
4.2. Осы шартта көзделмеген барлық қалған жағдайларда тараптар қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
Тарау 5. 5. Тараптардың деректемелері
5. Тараптардың деректемелері «АВТОР» «МЕМЛЕКЕТТІК БАНК ОПЕРАТОРЫ» «ТАПСЫРЫС БЕРУШІ» Атауы: ______________ Атауы: ______________ Атауы: _________________ Мекенжайы: _________ Мекенжайы: _________ Мекенжайы:_____________ ЖСН/БСН __________ БСН ________________ ЖСН/БСН_______________ Байланыс деректері:____________ Байланыс деректері:_____________ Байланыс деректері:_________________