О внесении изменений и дополнения в решение городского маслихата от 19 ноября 2015 года №308 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау» Күшін жойған
Басқа 0
Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы 19 қарашадағы № 308 «Атырау қаласында
тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің
қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қалалық мәслихаттың 2015 жылғы19 қарашадағы №308 «Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3389 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда «Атырау» газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген қосымшасына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) 4 тармағындағы орыс тіліндегі мәтінінде «услуг» сөзінен кейін «и услуг связи» сөздерімен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) 6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Атырау қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
2) тұрғынжайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау әлеуметтік сала мәселелері, гендірлік және жастар саясаты, заңдылықты сақтау және депутаттық этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М.Әмірғалиев).
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.