О внесении изменения в решение Атырауского городского маслихата от 19 ноября 2015 года №308 «Об утверждении правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам), проживающим в городе Атырау» Күшін жойған
Басқа 0
Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 308 «Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын
бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес, Атырау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Атырау қалалық мәслихатының 2015 жылғы 19 қарашадағы №308 «Атырау қаласында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3389 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда «Атырау» газетінде жарияланған) шешіммен бекітілген қосымшасына келесі өзгеріс енгізілсін:
5 тармақтағы «Атырау облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Атырау қалалық бөлімі» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Атырау қалалық бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау тұрғындарды әлеуметтік мәселелері, гендерлік және жастар саясаты, заңдылықты сақтау және депутаттық этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (М.Әмірғалиев).
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.