О внесении изменений в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 19 марта 2015 года №33/5 «Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы елді
мекендерінің аумағында қаңғыбас
иттер мен мысықтарды аулау және
жою қағидаларын бекіту туралы»
Солтүстік Қазақстан облыстық
мәслихаттың 2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 33/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 19 наурыздағы № 33/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 3232 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 мамырда «Солтүстік Қазақстан» және 2015 жылғы 5 мамырда «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қағидалардың 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 2
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жануарлар – фаунаға жататын биологиялық объектілер: ауыл шаруашылығы, үй және жабайы жануарлар;
Тармақша 2
2) жануарларды эвтаназиялау – жануарларды өлер алдында қинамау үшін, оларды ізгілік әдістермен жансыздандыру;
Тармақша 3
3) үй жануарлары – иттер, мысықтар және ұзақ тарихи кезең бойы дәстүрлі түрде адам көмегімен өсірілетін және бағылатын басқа да жануарлар, сонымен қатар адамның эстетикалық мұқтажын қанағаттандыру үшін жасанды жолмен өсіріп шығарған және жабайы популяциясы жоқ өмірге қабілетті, жеке морфологиялық белгілері ұқсас өзгешеліктері бар және ұзақ уақыт бойы табиғи ареалда өмір сүретін жануарлардың түрлері мен тұқымдары.»
Тармақ 2
2. Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.