О внесении изменений в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 19 февраля 2016 года № 134 «Об утверждении Правил оценки и определения потребности в специальных социальных услугах» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы; 2) әлеуметтік депривация – адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айрылу; 3) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген қажеттiлiктерiн белгiленген тәртiппен анықтау; 4) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (бұдан әрі – ПМПК) – балаларды зерттеп-қарауды және оларға консультация беруді, ерекше білім беру қажеттіліктерін және білім алу үшін арнаулы жағдайларды бағалауды, білім беру бағдарламасын айқындауды жүзеге асыратын, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға жіберетін білім беру ұйымы.»; 6-тармақ алып тасталсын; 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Басқа 1. Организм функцияларының бұзылуы кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 340 Бұйрыққа 1-қосымша Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына 1-қосымша Организм функцияларының бұзылуы кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________ Туған күні _______________________________________________________ Бағалау күні _____________________________________________________ Негіздеме ________________________________________________________ Әлеуметтік қызметкердің бағалауы _________________________________ __________________________________________________________________ № Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту кри­те­рий­ле­рі Дә­ре­же­сі Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ді ба­ға­лау Бел­гі (+ неме­се -) 1 Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті Бі­рін­ші Қа­жет­ті жағ­дай­лар жа­сал­ған кез­де өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті Екін­ші Бі­ре­удің кө­ме­гі­мен өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті Үшін­ші Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ге қа­бі­лет­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу 2 Өзді­гі­нен жү­ріп- тұ­ру қа­бі­ле­ті Бі­рін­ші Кө­мек­ші құ­рал­дар­дың кө­ме­гі­мен өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру қа­бі­ле­ті Екін­ші Кө­мек­ші құ­рал­дар­дың және же­ке өмек­ші­нің кө­ме­гі­мен өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру қа­бі­ле­ті Үшін­ші Өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі және бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу 3 Оқу қа­бі­ле­ті Бі­рін­ші Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы оқу қа­бі­ле­ті Екін­ші Ар­найы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да неме­се үй жағ­дай­ла­рын­да кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы оқу қа­бі­ле­ті Үшін­ші Оқу­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі 4 Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті Бі­рін­ші Маз­мұн­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кес ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті Екін­ші Бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен өзді­гі­нен ең­бек қыз­ме­тіне іші­на­ра қа­бі­ле­ті Үшін­ші Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­лет­сіз­ді­гі неме­се бас­қа адам­дар­ға то­лық тәу­ел­ді бо­лу
Басқа 2. Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 340 Бұйрыққа 2-қосымша Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына 2-қосымша Әлеуметтік бейімсіздену кезінде өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін айқындау Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________ Туған күні _________________________________________________________ Бағалау күні _______________________________________________________ Негіздеме __________________________________________________________ Әлеуметтік қызметкердің бағалауы ___________________________________ ____________________________________________________________________ № Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту кри­те­рий­ле­рі Дә­ре­же­сі Өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту қа­бі­ле­ті­нің шек­те­луі Бел­гі (+ неме­се -) 1 Өз бе­тін­ше оқу қа­бі­ле­ті Бі­рін­ші Оқу про­це­сі­нің ар­найы ре­жи­мін сақ­тай оты­рып және/неме­се кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы және/неме­се бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен жал­пы үл­гі­де­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да өз бе­тін­ше оқу қа­бі­ле­ті Екін­ші Тек ар­найы бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да неме­се үй жағ­дай­ла­рын­да ар­найы бағ­дар­ла­ма­лар бой­ын­ша өз бе­тін­ше оқу қа­бі­ле­ті Үшін­ші Өз бе­тін­ше оқу­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі 2 Ең­бек қыз­ме­тіне қа­бі­ле­ті Бі­рін­ші Бі­лік­ті­лік­тің тө­мен­деу неме­се өн­ді­рі­стік қыз­мет кө­ле­мі­нің азаю жағ­дай­ла­рын­да, өз кә­сі­бі бой­ын­ша жұ­мысты орын­дау мүм­кін бол­ма­ған кез­де ең­бек қыз­ме­тін өз бе­тін­ше орын­дау қа­бі­ле­ті Екін­ші Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды және/неме­се ар­найы жаб­дық­тал­ған жұ­мыс ор­нын пай­да­ла­ну ар­қы­лы және/неме­се бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен ең­бек қыз­ме­тін өз бе­тін­ше орын­дау қа­бі­ле­ті Үшін­ші Ең­бек қыз­ме­тін өз бе­тін­ше орын­да­у­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі 3 Бағ­дар­лау қа­бі­ле­ті Бі­рін­ші Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну жағ­дай­ын­да өзін-өзі бағ­дар­лау қа­бі­ле­ті Екін­ші Бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гін қа­жет ете­тін өз бе­тін­ше бағ­дар­лау қа­бі­ле­ті Үшін­ші Өз бе­тін­ше бағ­дар­лау қа­бі­лет­сіз­ді­гі 4 Қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті Бі­рін­ші Ақ­па­рат­ты тү­сі­ну, қа­был­дау, бе­ру  жыл­дамды­ғы­ның тө­мен­де­уі, кө­ле­мі­нің аза­юы ар­қы­лы си­патта­ла­тын өз бе­тін­ше қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті Екін­ші Кө­мек­ші құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну ар­қы­лы және/неме­се бас­қа адам­дар­дың кө­ме­гі­мен өз бе­тін­ше қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті Үшін­ші Өз бе­тін­ше қа­рым-қа­ты­нас жа­са­у­ға қа­бі­лет­сіз­ді­гі 5 Өз мі­нез-құл­қын ба­қы­лау қа­бі­ле­ті Бі­рін­ші Өз мі­нез-құл­қын дер­бес ба­қы­лау қа­бі­ле­ті­нің іші­на­ра тө­мен­де­уі Екін­ші Өз мі­нез-құл­қын тек бөгде адам­дар­дың кө­ме­гі­мен іші­на­ра неме­се то­лық­тай дер­бес ба­қы­лау қа­бі­ле­ті Үшін­ші Өз мі­нез-құл­қын дер­бес ба­қы­лау қа­бі­лет­сіз­ді­гі