О внесении изменений в постановление акимата Теректинского района от 19 января 2016 года № 21 «Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Теректинского района» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 21 «Теректі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Теректі ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 21 «Теректі ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4255 тіркелген, 2016 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Теректі ауданының шалғайдағы елдi мекендерінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың қағидаларында: «2. Балаларды тасымалдау тәртiбi» деген бөлімде: 2-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «2. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автокөліктердің техникалық жай-күйі, жабдықтары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 «Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының талаптарына жауап беруі тиіс.».
Тармақ 2
2. «Теректі ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Тукжановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.