О внесении изменений и дополнений в постановление акимата от 19 февраля 2016 года № 71 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, для которых за счет средств областного бюджета устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся Күшін жойған
Басқа 0
Әкімдіктің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі 139-бабының 9-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6206 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулының 1- қосымшасында:
«Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары» 1-тармағының 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) бөлімшенің басшысы, зертхана меңгерушісі;»;
«Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары» 2-тармағының 24) тармақшасы алынып тасталсын;
«Білім беру мамандарының лауазымдары» 3-тармағында:
2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) жалпы білім беретін, жоғары техникалық мектептің, колледждің, училищенің, арнайы түзету ұйымдары мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың директоры (меңгерушісі);»;
келесі мазмұндағы 45), 46), 47) тармақшаларымен толықтырылсын:
«45) тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (оқу орындарындағы тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім);
46) спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;
47) кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог).»;
«Мәдениет мамандарының лауазымдары» 4-тармағы келесі мазмұндағы 11), 12) тармақшаларымен толықтырылсын:
«11) облыстық маңызы бар мемлекеттік мекеме филиалының басшысы;
12) архивист, археограф, палеограф.»;
«Мұрағат мамандарының лауазымдары» 5-тармағы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
___________ С. Ещанов