О внесении изменений в постановление акимата от 19 февраля 2016 года № 71 «Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, для которых за счет средств областного бюджета устанавливаются повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әкімдіктің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімдігінің «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 қаулысына (2016 жылғы 4 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6206 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын: «Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.»; көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.
Басқа 8. Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Әкімдіктің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 161 қаулысына қосымша Әкімдіктің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 қаулысына 1-қосымша Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының басшысы (меңгерушісі).
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) стационарлық үлгідегі ұйымның (психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер, тәулік бойы тұру жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар), жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндіз болу бөлімшесінің, аумақтық және оңалту орталықтарының, қызметтерді алушылардың ұйымда ұзақ немесе уақытша (6 айға дейінгі мерзімге) күндіз болу жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдар) басшысы;
Тармақша 2
2) аудандық маңызы бар жартылай стационарлық үлгідегі ұйым, уақытша болу ұйымы директорының (басшысының) әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары;
Тармақша 3
3) облыстық маңызы бар стационарлық үлгідегі және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі;
Тармақша 4
4) барлық мамандықтағы дәрігерлер;
Тармақша 5
5) мейірбике (мейіргер);
Тармақша 6
6) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
Тармақша 7
7) райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер;
Тармақша 8
8) жүзу жөніндегі нұсқаушы;
Тармақша 9
9) дәріхананың басшысы (меңгерушісі);
Тармақша 10
10) провизор (фармацевт);
Тармақша 11
11) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
Тармақша 12
12) акушер;
Тармақша 13
13) фельдшер;
Тармақша 14
14) психолог;
Тармақша 15
15) әдіскер;
Тармақша 16
16) тәрбиеші;
Тармақша 17
17) логопед;
Тармақша 18
18) барлық мамандықтағы мұғалімдер;
Тармақша 19
19) еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;
Тармақша 20
20) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);
Тармақша 21
21) музыкалық жетекші;
Тармақша 22
22) кітапханашы.
Тармақ 3
3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру ұйымдарының барлық мамандықты мұғалімдері, оның ішінде мұғалім-дифектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), мұғалім-логопед, бастапқы әсери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндіріске үйрету шебері, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;
Тармақша 2
2) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысы, аудандық (қалалық) маңызы бар ММ және МКК басшысы;
Тармақша 3
3) аудандық (қалалық) маңызы бар ММ және МКК: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық), психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация кабинеттерінің басшысы;
Тармақша 4
4) аудандық (қалалық) маңызы бар ММ және МКК (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;
Тармақша 5
5) аудандық (қалалық) маңызы бар ММ мен МКК: шағын жинақты мектеп басшысының орынбасары;
Тармақша 6
6) аудандық (қалалық) маңызы бар ММ және МКК бөлім басшысы;
Тармақша 7
7) әлеуметтік педагог;
Тармақша 8
8) ұйымдастырушы педагог;
Тармақша 9
9) қосымша білім беретін педагог;
Тармақша 10
10) жоғары оқу орнының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымның оқытушысы, оның ішінде бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;
Тармақша 11
11) тәрбиелеуші;
Тармақша 12
12) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);
Тармақша 13
13) дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің);
Тармақша 14
14) лагердің басшысы (меңгерушісі);
Тармақша 15
15) щеберхананың басшысы (меңгерушісі);
Тармақша 16
16) облыстық маңызы бар ММ және МКК бөлімі, зертхана басшысының (меңгерушісінің) орынбасары;
Тармақша 17
17) мәдени ұйымдастырушы;
Тармақша 18
18) әдіскер;
Тармақша 19
19) аккомпаниатор (негізгі қызметтердің), аккомпаниатор;
Тармақша 20
20) концертмейстер (негізгі қызметтердің), концертмейстер;
Тармақша 21
21) мейірбике (мейіргер);
Тармақша 22
22) емдәмдік мейірбике;
Тармақша 23
23) кітапханашы;
Тармақша 24
24) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);
Тармақша 25
25) барлық мамандықты дәрігерлер;
Тармақша 26
26) көркемдік жетекші;
Тармақша 27
27) балетмейстер;
Тармақша 28
28) хормейстер;
Тармақша 29
29) жаттықтырушы-оқытушы;
Тармақша 30
30) жүзу бойынша нұсқаушы (негізгі қызметтердің).
Тармақ 4
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысы;
Тармақша 2
2) облыстық маңызы бар ММ және МКК басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) облыстық маңызы бар ММ және МКК секторының басшысы, облыстық маңызы бар ММ, МКК бөлім басшысы;
Тармақша 4
4) барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер);
Тармақша 5
5) аға ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер;
Тармақша 6
6) бас қор сақтаушы (облыстық маңызы бар қалалар), қор сақтаушы;
Тармақша 7
7) экскурсовод;
Тармақша 8
8) мұражай қараушысы;
Тармақша 9
9) музейлер қорын есепке алу архивисті;
Тармақша 10
10) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 11
11) облыстық маңызы бар ММ филиалының басшысы;
Тармақ 5
5. Орман шаруашылығы мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) облыстық маңызы бар орман шаруашылығы КММ басшысы;
Тармақша 2
2) облыстық маңызы бар КММ басшысының орынбасары;
Тармақша 3
3) облыстық маңызы бар КММ орманшылық басшысы (орман күтуші);
Тармақша 4
4) облыстық маңызы бар орман өрт сөндіру станциясының басшысы;
Тармақша 5
5) облыстық маңызы бар КММ орман тұқымбағының басшысы;
Тармақша 6
6) орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері;
Тармақша 7
7) аңшылықтанушы;
Тармақша 8
8) облыстық маңызы бар орманшылық басшының орынбасары;
Тармақша 9
9) орман (учаске) шебері;
Тармақша 10
10) орманшы (инспектор). Ескерту: КММ – коммуналдық мемлекеттік мекеме; МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын; ММ – мемлекеттік мекеме.