О внесении изменения в решение маслихата района Т. Рыскулова от 19 октября 2016 года № 8-6 «Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов индивидуальному учебному плану в Т. Рыскуловском районе» Күшін жойған
Басқа 0
«Т.Рысқұлов ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 қазандағы № 8-6 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Т.Рысқұлов ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 19 қазандағы № 8-6 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3205 болып тіркелген, 2016 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасы электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасындағы «тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын кұжат;» деген жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.