О внесении изменения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 декабря 2018 года № 104 «Об утверждении Базового перечня показателей» Күшін жойған
Басқа 0
«Көрсеткіштердің базалық тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Көрсеткіштердің базалық тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18008 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көрсеткіштердің базалық тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 1. Көрсеткіштердің базалық тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 96
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104
бұйрығымен бекітілген
Көрсеткіштердің базалық тізбесі
Р/с№
Нысаналы индикаторлар
Өлшем бірлігі
Есептілікті қалыптастыру мерзімі
Ақпарат көзі
Жауапты мемлекеттік орган
1
2
3
4
5
6
1
ЖӨӨ нақты көлемінің индексі
%
сәуір
(жедел)
тамыз
(жылдық)
ресми статистикалық ақпарат
ҰЭМ
2
Шикізаттық емес экспорт көлемінің өсуі
өткен жылға қарағанда %
ақпан
(жедел)
шілде
(жылдық)
ресми статистикалық ақпарат
СИМ
3
Өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға инвестициялар
млрд
теңге
қаңтар
(жедел)
шілде
(жылдық)
ресми статистикалық ақпарат
ИИДМ
4
Еңбек өнімділігінің өсуі:
4.1
өңдеу өнеркәсібінде
өткен жылға қарағанда %
мамыр
(жедел)
тамыз
(жылдық)
ресми статистикалық ақпарат
ИИДМ
4.2
ауыл шаруашылығында
өткен жылға қарағанда %
мамыр
(жедел)
тамыз
(жылдық)
ресми статистикалық ақпарат
АШМ
5
Өлім-жітімнің стандартталған коэффициенті
коэффициент
шілде
(жылдық)
ресми статистикалық ақпарат
ДСМ
6
Құрылған жұмыс орындарының саны:
бірлік
ақпан
(жылдық)
Еңбекминінің әкімшілік деректері
Еңбекмині
6.1
тұрақты
6.2
уақытша
7
Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар үлесі
%
ақпан (жылдық)
Еңбекминінің әкімшілік деректері
Еңбекмині
8
ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі
%
сәуір
(жедел)
тамыз
(жылдық)
ресми статистикалық ақпарат
ҰЭМ
9
Бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу
ш.м
ақпан
(жылдық)
ресми статистикалық ақпарат
ИИДМ
10
Халықтың сумен жабдықтау көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуі:
%
ақпан
(жылдық)
ИИДМ әкімшілік деректері
ИИДМ
10.1
қалаларда
10.2
ауылдық елді мекендерде
11
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі
%
қаңтар (жылдық)
ИИДМ әкімшілік деректері
ИИДМ
12
Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі
%
мамыр
(жылдық)
ЖАО әкімшілік деректері
ЭГТРМ
13
Халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз етілуі
%
ақпан
(жылдық)
МСМ әкімшілік деректері
МСМ
14
Сыбайлас жемқорлық деңгейі
%
ақпан
(жылдық)
СЖҚІА әкімшілік деректері
СЖҚІА
15
Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейі
%
ақпан
(жылдық)
ТЖМ әкімшілік деректері
ТЖМ
16
Өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес ауылдық елді мекендердің әлеуметтік игіліктермен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі
%
наурыз
(жылдық)
ЖАО әкімшілік деректері
ҰЭМ
Ескертпе: ЖАО орталық мемлекеттік органдардың келісімінсіз он индикаторға дейін дербес қосуға жол беріледі.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
ЖӨӨ – Жалпы өңірлік өнім;
ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
СЖҚІА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.