О внесении изменений в решение маслихата от 19 марта 2018 года № 197 «Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» государственного учреждения «Аппарат Житикаринского районного маслихата» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мәслихаттың 2018 жылғы 19 наурыздағы № 197 «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Мәслихаттың «Мәслихаттың 2018 жылғы 19 наурыздағы № 197 «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 19 наурыздағы № 197 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7647 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген «Жітіқара аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде: 2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) нысаналы мақсатты индикаторлар (бұдан әрі - НМИ) - мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына немесе «Б» корпусы қызметшісінің қызметінің ерекшелігіне сәйкес (процесстік жұмысты қоспағанда) белгіленетін, олардың қызметінің тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер;»; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «41. «Б» корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, ұйымдастыру - бақылау және кадрлармен жұмыс бөлімімен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылады. Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады."; 42-тармақ алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.