О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 19 января 2018 года № 38 «Об утверждении форм документа, подтверждающего резидентство, и справки о суммах полученных доходов из источников в Республике Казахстан и удержанных (уплаченных) налогов» Күшін жойған
Басқа 0
«Резиденттікті растайтын құжаттың және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 38 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Резиденттікті растайтын құжаттың және Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 38 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16322 болып тіркелді, 2018 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер мен ұсталған (төленген) салықтар туралы есеп нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. (Бланк)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 297 Бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы «19» ақпандағы
№ 38 бұйрығына
2-қосымша
нысан
(Бланк)
_____ жылға, _____ тоқсанға, _____айына Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған
кірістері және ұстап қалған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтамасы
Certificate on amounts of income received from sources in the Republic of Kazakhstan and amounts
of withheld (paid) taxes for _____, year,_____ quarter,_____ month
Бейрезидент-заңды тұлғаның, не бейрезидент-жеке тұлғаның толық атауы/ Full name of
the non-resident legal entity or non-resident natural person:
______________________________________________________________________________
Салық төлеушінің санаты/Category of the taxpayer:
Тұрақты мекемесіз қызмет атқаратын бейрезидент-заңды тұлға/non-resident legal entity without
permanent establishment
Тұрақты мекеме арқылы қызмет атқаратын бейрезидент-заңды тұлға/ non-resident legal entity
with permanent establishment
Бейрезидент-жеке тұлға/non-resident natural person______________________________________
Резидеттік елі/Country of residence:___________________________________________________
Резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі/Tax registration number in the country of residence:
_________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық
органының толық атауы) пайдаға (табысқа) төленген салықты растайды/өзге салық салу
объектісінің қорытынды сомасы:__________________
(Full name of the territorial authority of State Revenue Committee of the Ministry of Finance of the
Republic of Kazakhstan)certifies that the tax on profits (income)/other subject of taxation has been
paid in the total amount of:_______________________
Валюта коды/Currency code
Табыс түрі Type of income
Табыс сомасы Amount of income
Салық атауы/Name of tax
Салық мөлшерлемесі
Tax rate
Ұстап қалған салық сомасы Amount of tax withheld
Төленген салық сомасы Amount of tax paid
Қорытынды сомасы Total amount
Мемлекеттік кірістер органының
басшысы (басшының орынбасары) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)/
Head (deputy head) of state revenue authority (Name, Surname, Middle name if it is available
_________________________________________________________________/
Мөр/Seal