О внесении изменений в решение Есильского районного маслихата от 19 февраля 2019 года № 45/2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Есильского района» Күшін жойған
Басқа 0
Есіл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/2 «Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Есіл аудандық мәслихатының «Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 19 ақпандағы № 45/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7072 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы қазақ тілінде жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«2) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:»;
7-тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«7) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай, Қазақстан Республикасы шегінде санаторлық-курорттық емделуге жұмсалған шығындардың құнын өтеуге 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.