О внесении изменения в решение акима Павлодарского района от 19 июня 2020 года № 1-ш «Об образовании избирательных участков на территории Павлодарского района» Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 1-ш шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес, Павлодар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Павлодар ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6862 болып тіркелген, 2020 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) № 1-ш шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында № 396 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Сайлау учаскесінің орталығы: Ефремовка ауылы, Школьная көшесі, 2, Ефремовка орта жалпы білім беру мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Ефремовка ауылдық округінің Ефремовка, Даниловка ауылдарының аумағы.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
____________ С. Акимбеков
2020 жылғы «28» қыркүйек