О внесении изменения в решение акима Павлодарского района от 19 июня 2020 года № 1-ш «Об образовании избирательных участков на территории Павлодарского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение акима Павлодарского района от 19 июня 2020 года № 1-ш «Об образовании избирательных участков на территории Павлодарского района»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 1-ш шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2-ш
- Қабылданған күні
- 28.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 01.06.2026 147063_822131.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.06.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20PK006973
- ЭКБ идентификаторы
- 147063
- Редакция идентификаторы
- 147063_822131
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:37
0 Павлодар ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 1-ш шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес, Павлодар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6862 болып тіркелген, 2020 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) № 1-ш шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында № 396 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Сайлау учаскесінің орталығы: Ефремовка ауылы, Школьная көшесі, 2, Ефремовка орта жалпы білім беру мектебінің ғимараты;
сайлау учаскесінің шекаралары: Ефремовка ауылдық округінің Ефремовка, Даниловка ауылдарының аумағы.».
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
____________ С. Акимбеков
2020 жылғы «28» қыркүйек