О внесении изменений в решение акима Павлодарского района от 19 июня 2020 года № 1-ш «Об образовании избирательных участков на территории Павлодарского района» Күшін жойған
Басқа 0
Павлодар ауданы әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 1-ш
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Павлодар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 19 маусымдағы «Павлодар ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6862 болып тіркелген) № 1-ш шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
он бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Сайлау учаскесінің орталығы: Чернорецк ауылы, Трунова көшесі, 3, Мәдениет үйінің ғимараты;»;
жиырма төртінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«сайлау учаскесінің шекаралары: Черноярка ауылдық округінің Новочерноярка, Черноярка ауылдарының аумағы.»;
жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші абзацтар алынып тасталсын;
тоқсан екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Сайлау учаскесінің орталығы: Ольгинка ауылы, Абай көшесі, 15, Мәдениет үйінің ғимараты;».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушысы Г.Қ. Сейітқазинаға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Павлодар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы